Президент Тоқаев Ресей елшісін марапаттады

Malim Админ

  • 21.01.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей БОРОДАВКИНДІ ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Мalim.kz  президент баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Марапаттау рәсімі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы одақтастық қатынастарды, сондай-ақ, достық пен ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі еңбек сіңіргені үшін Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинге Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасын табыстап отырғанын атап өтті.

– Сіз халықаралық қатынастар мәселелері бойынша білікті маман ретінде дипломатиялық орталарда танымалсыз. Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі ретінде мемлекеттеріміз арасындағы достықтың тұрақты болуына, мәңгілік сипат алуына зор күш салып келесіз. Сіздің атқарған үлкен әрі ауқымды жұмысыңыз үшін ризашылық білдіреміз.  Сонымен қатар Сіз жақында ғана жеке өміріңіздегі елеулі мерейтойлық датаны атап өттіңіз. Бұл – керемет мерейтой. Аталған марапат та осы айтулы оқиғаға орай беріліп отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Алексей Бородавкин Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қатынастар мен интеграциялық байланыстарды дамытуға және нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Мен бұл марапатты елдеріміз арасындағы байланыстарды дамытуға жеке өзімнің ғана емес, сондай-ақ, Қазақстан бағытында еңбек етіп жатқан барлық ресейлік дипломаттардың, ең алдымен, Елшіліктегі әріптестерімнің қосқан үлесіне берілген баға деп санаймын. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің одақтастық, интеграциялық байланыстарымызды одан әрі жоғары әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бар күш-жігерімді жұмсай беретінімді нық сеніммен айтамын, – деді Алексей Бородавкин.

Фото: akorda.kz

Байланысты жаналықтар

Ақорда «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты (ВИДЕО)

24.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

23.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Қорғаныс саласында бірқатар тағайындаулар болды

15.04.2022

Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы болды

14.04.2022
MalimBlocks
Ақорда «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты (ВИДЕО)

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Қорғаныс саласында бірқатар тағайындаулар болды

Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Руслан Желдібай Ақорда баспасөз қызметін басқаратын болды.