Қытайдан Қазақстанға қашуға мәжбүр болған қос азаматқа шабуыл жасалды

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 22.01.2021

Қаңтардың 22-іне қараған түні Нұр-Сұлтан қаласында жақында ғана босқын мәртебесін алған Мұрагер Әлімұлына шабуыл жасалып, пышақтап кеткен. Дәл осы уақытта Алматыда (босқын мәртебесін алған) Қайша Ақанды да белгісіз адамдар соққыға жыққан. Қайшаның сөзінше,  оған және Қытайдағы анасы мен бауырына бұған дейін бірнеше мәрте қоқан-лоқы жасалған. Қытайдағы адам құқығының тапталуы жөнінде айтуды тоқтатуын талап еткен.

Видеода жедел жәрдем көлігінде Мұрагер Әлімұлының қасында отырған азамат, "Мұрагерді екі адам жабылып ұрып, пышақтап кеткенін" айтады.

 

[video width="368" height="640" mp4="https://malim.kz/wp-content/uploads/2021/01/02cdeaf96b06937abda33442fc8576fe.mp4"][/video]

Мұрагер Әлімұлы 2019 жылы тағы бір этникалық қазақ Қастер Мұсаханұлымен бірге Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Олар Қытайда қысым көргендерін, шекараны заңсыз кесіп өтуге мәжбүр болғандарын айтқан. Кейіннен ШҚО Зайсан аудандық соты Мұсаханұлы мен Әлімұлын «мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті» деген айыппен кінәлі деп танып, бас бостандықтарынан айырған. 2020 жылдың 22 маусымында екеуі де бостандыққа шығып, босқын мәртебесін алған.

Қайша Ақан 2018 жылы Қытайдың Шыңжаң аймағындағы кеден бекеті арқылы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. 2019 жылы Алматы облысы Панфилов аудандық соты Ақанды «шекара бұзғаны» үшін шартты түрде жарты жылға бас бостандығынан айырған. Сотта Қайша Ақан Қытайда өзіне лагерьге қамалу қауіпі төнген соң, Қазақстанға заңсыз қашып өтуден басқа амалы болмағанын айтқан.

Байланысты жаналықтар

ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

27.03.2024

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

27.03.2024

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

26.03.2024

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

26.03.2024

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024
MalimBlocks
ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

Ақтөбе, Атырау облыстарындағы 46 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

2024 жылғы ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың жұп ажырасқан.

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылған.

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді