Вице-министр: Әкімнің денсаулығы мықты

Malim Админ

  • 27.01.2021

Коронавирусқа қарсы QazCovid  вакцинасы тек 65 жасқа дейінгі адамдарға салынуы тиіс еді. Себебі қарсы реакция береді. Алайда  Жамбыл облысының 67 жастағы әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА мүлдем әсер етпеген. Керісінше Бердібек МӘШБЕКҰЛЫНЫҢ денсаулығы жақсара түскендей.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат ШОРАНОВ айтты.

«Міне осы өткен аптада ғана Жамбыл облысында болдық. Облыс басшысы өзін жақсы сезінеді. Күш, қуаты жетерлік. Өз қызметін атқарып жатыр. Енді вакцина салуға рұқсат беруге қатысты келетін болсақ. Клиникалық зерттеу жұмыстарының демеушісі вакцина шығарушылар екенін түсіну керек. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдыруға ықласты еріктілерді анықтаймайды. Зерттеу жұмыстары біздің ұсынысымыздан бөлек жұмыс та істей алады», - деді министрдің орынбасары Шоранов.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 28 желтоқсан күні Жамбыл облысының басшысы Сапарбаев қазақстандық вакцинаны салдырды деген ақпарат шыққан.

Фото: yk-news.kz

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы