Украинада Лениннің соңғы ескерткішін құлатты

Malim Админ

  • 28.01.2021

Украинадағы Владимир ЛЕНИННІҢ соңғы ескерткіші Одесса облысына қарасты Старые Трояны ауылында тұрған екен. Алайда жуырда көсемнің тас мүсіні тұғырынан түсіпті. Бұл туралы УНИАН агенттігі хабарлады.

2014 жылы Еуромайданан кейін декоммунизация туралы заң шығып совет заманының қалдықтары жойыла бастады. Бүгінге дейін Украина билігі 900 елді мекеннің аты мен 50 көшенің атын ауыстырып тастады.  2 мың совет үкіметін құрған қайраткерлердің ескерткішін алып тастады. Оның 1,3 мыңы Владимир Лениндікі болған.

Фото: УНИАН