Экс-президент тергеуге шақырылды

Malim Админ

  • 29.01.2021

Қырғызстанның бұрынғы президенті Соорнонбай Жээнбековты Бішкек қалалық соты экс-вице-премьер-министр Дүйшенбек Зилалиевтың ісі бойынша тергеуге шақырды. Бұл жөнінде Зилалиевтың адвокаты Таалайгүл Токтакунова мәлімдеді.

Токтакунованың сөзінше, сот Жээнбековты Зилалиевтің ісі бойынша куәгер ретінде шақырған.

«Сот оны (С. Жээнбековты – ред) ақпанның 3-і күні болатын сот отырысына кәугер ретінде шақырды. Дүйшенбек Зилалиевқа «заңсыз баю» бабы бойынша айып тағылған. Айыптауға оның есеп-шотындағы бір миллион доллар себеп болған. Тергеу тарабы Зилалиев мемлекеттік қызметте жүріп, осыншама ақша таба алмайды деп есептейді. Сооронбай Жээнбековтың бұл ақшаға тікелей қатысы бар. Себебі ол Сооронбай Жээнбековтың сайлау алды науқанына арналған. Ол бұл қаржыны толықтай сол адамға берген. Бұны бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков растай алады», - деді Токтакунова.

Дүйшенбек Зилалиев 2018 жылдың желтоқсан айында тұтқындалған. Бішкек қаласының Первомай аудандық соты 2020 жылдың қараша айында экс-вице-премьерді 9 жылға бас бостандығынан айырған. Қазір қорғаушы тараптың апелляциялық шағымы бойынша істі Бішкек қалалық соты қарап жатыр.

Сооронбай Жээнбеков президенттіктен 2020 жылдың қазан айында мерзімінен бұрын кеткен. Оппозиция сол уақытта өткен парламент сайлауын әділетсіз деп мәлімдеп, мемлекет басшысының отставкаға кетуін талап еткен.

Биыл қаңтардың 10-ы күні Қырғызстанда президент сайлауы өтіп, онда парламент сайлауынан кейінгі халықтық толқулар кезінде түрмеден босатылған Садыр Жапаров жеңіске жеткен.

Байланысты жаналықтар

Мәскеудегі теракт: Қырғызстан тумасы күдікке ілінді

26.03.2024

Ресей министрі қырғыз тіліне қарсылық көрсетті

24.07.2023

Путиннің әдеті мен әдебі: Шариманнан Кемелжанға дейін

21.06.2022

БАҚ: Асқар Ақаев Бішкекке оралды

02.08.2021

Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Орталық Азияда су үшін талас басталды ма?

04.05.2021

"Басып кіру" немесе "арандату": Қырғыз-тәжік қақтығысына кім кінәлі?

04.05.2021
MalimBlocks
Мәскеудегі теракт: Қырғызстан тумасы күдікке ілінді

Ресей министрі қырғыз тіліне қарсылық көрсетті

Ресейдің сыртқы істер министрі: «достарымызға қырғыз тілін міндеттеу демократияға сай еместігін» ескерткенбіз. 

Путиннің әдеті мен әдебі: Шариманнан Кемелжанға дейін

БАҚ: Асқар Ақаев Бішкекке оралды

Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Орталық Азияда су үшін талас басталды ма?

"Басып кіру" немесе "арандату": Қырғыз-тәжік қақтығысына кім кінәлі?