Әбілшайықов: Кәсіпкерлер жұмыссыз қалмас үшін QR-код жобасын бастаймыз

Malim Админ

  • 03.02.2021

«Атамекен» ҰҚП Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықовтің сөзінше, қазірде өңірлер карантиндік аймаққа өтіп жатқандықтан, кәсіпкерлер үшін жұмыс істеу туралы нақты түсінік жоқ. Сондықтан осы мәселені шешу мақсатында QR-код қолдану тәжірибесін сынап көрмек. Бұл сынаққа қатысу кәсіпкерлерге міндеттелмейді. Дегенмен, әлемде кеңінен етек жайып келе жатқан QR-код жүйесі кәсіпкер үшін пайдалы болмақ.  QR-код жүйесі қалай жұмыс істейді? Қарапайым тілмен айтсақ, короновирусқа қарсы вакцина алған адамға QR-код беріледі. Дүкендер немесе кафелер осы QR-код арқылы клиенттерін қабылдай алады. Бұл әрине дүкен не кафені тарс жауып жұмыссыз отырғаннан гөрі, сақтықпен жұмыс істеуге жол ашады.

Нариман Әбілшайықовтің сөзінде, айдың басынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бағдарламаға 55-тен аса кәсіпкер қатысты,  платформада 8мыңнан астам абонент тіркелген.

-Қазіргі кезде карантинге байланысты жұмысын тоқтатқан 13 мыңнан астам кәсіпкеріміз тізімде тұр. Оның ішінде компьютелік клуб, банкеттік зал боулинг, билиярд  және т.б. Осы салада жұмыс істеп жатқан мамандардың жұмысын жандандыру мақсатында пилоттық  жобаны бастадық. Бағдарлама аясында  2 аптада  кәсіпкерлермен жүргізілген жұмыстарды зерттеп, ұсынысымызды бас санитарлық дәрігерге жеткіземіз, - деді ол.

Айта кетейік, жұмыс істеп жатқан салалар  базарлар, сауда-саттық орталықтары, үй жанындағы дүкендерге бұл QR-кодты енгізіп қажет емес. Осыған дейін коронавирусқа қарсы егілген қазақстандықтардың жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтар берілетінін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтқан болатын. Жеке иммундық мәртебе туралы деректер eGov Mobile мобильдік қосымшасында және «Ashyq» медициналық қосымшасында көрсетіледі. Осы арқылы қосымшада көрсетілген түске байланысты мекемеге кіру рұқсат етіледі.

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды