Қытай консулдығы алдындаға пикет: "Күйеуімді Қазақстан тыңшысы деп 13 жылға соттады"

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 08.02.2021

Алматыдағы Қытай консулдығы алдында бірнеше әйел Қытайда қамауда отырған туыстарын босатуды талап етіп, қарсылық акциясына шықты.

Наразылық акциясына қатысушылардың бірі Нұржас Ермекбайқызының сөзінше, ағасы Бірлесбек Ермекбайұлын имам болғаны үшін қамауға алған. Қытайдағы саяси қудалауларға байланысты туған-туыстарын көрмегеніне бес жыл болған.

«Ағам Бірлесбек Ермекбайұлын имам болғаны үшін 12 жылға сотталды. Оны өздері оқытып, өздері имам ретінде сайлап отырып, 12 жылға соттады. Өзімнің туған-туысымды көрмегеніме бес жыл болды. Қытайдың геноцид саясаты басталғалы бері хабарласа алған жоқпын. Ағамды 2018 жылдың 10 айының соңында алып кетті деп естідім», - дейді Ермекбайқызы.

Фарида Қабылбек күйеуі Рақыжан Зейнолланың 17 жылдан бері Қытайда қамауда отырғанын айтады. Қытай билігі жұбайын 2004 жылы «Қазақстан тыңшысы» деп 13 жылға соттаған. Төрт бірдей немересі әлі күнге дейін атасын көрмеген.

«Күйеуімді (Рақыжан Зейнолланы – ред) 2004 жылы Қазақстанның шпоны деп 13 жылға соттады. 2017 жылы түрмеден шыққан бойда қайтадан 1 жыл 4 ай лагерьге жатқызды. Жалпы 17 жыл болды. Недеген масқара мынау. Недеген сұмдық. Сонда біз қазақ не істеп отырмыз? Балаларым 17 жылдан бері асыраушысынсыз өсіп жатыр. Қазір 4 немерем бар, атасын әлі көрген жоқ», - дейді Фарида Қабылбек.

Күзетшілер наразыларға конулдық бүгін жұмыс істемейтінін айтып, оларды ғимаратқа жақындатпады. Өзін қалалық әкімдік өкілімін деп таныстырған Рита Ерманова наразыларға бейбіт жиындарды рұқсатсыз өткізу заңсыз екенін ескертіп, акцияны тоқтату қажеттігін айтты. Бірақ акцияға қатысушылар ол талапты орындаудан бас тартты. Олар «Қытай геноцид саясатын тоқтатсын», «Туыстарымызды жібер» деп ұрандатып, «Қытай билігі туыстарымызды босатпайынша консулдық алдына наразылыққа шыға береміз» деді.

Байланысты жаналықтар

ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

27.03.2024

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

27.03.2024

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

26.03.2024

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

26.03.2024

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024
MalimBlocks
ТЖМ елімізде су басқан елді мекендерден 412 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді

Ақтөбе, Атырау облыстарындағы 46 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

2024 жылғы ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда қай қала тұрғындары жиі ажырасады?

Алматы бірінші орында: 2023 жылы – 2,3 мың жұп ажырасқан.

Қазақстан қиын-қыстау кезеңде Ресеймен бірге  - Тоқаев

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылған.

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді