9-шы ақпанды "Қазақ поэзиясының күні" деп атауды ұсынамын!

Malim Админ

  • 09.02.2021

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағамыз "Мұқағали поэзиясы— күллі қазақтың болмыс-бітімі" деді. Болмыс- ішкі мән болса,  қазақтың дүниетанымы,  рухы,  мінезі,  қарапайымдылығы,  өршіл асқақтығы — Мұқағали поэзиясының нақ болмысы.

Жатықтығы,  көңілге қона кетуі, бунақтардағы түзу қаланған кірпіштей жайдақтығы,  көркемдігі,  сөзді ойнатуы және сөзді сұлу құрауы бұл — бітімі.

Мұқағали — поэзияға үлкен құрмет көрсеткен ақын. Күпі киген қазақтың қара өлеңінің үстіне шекпен жапты. Поэзияның ұлтқа,  оқырманға жағымды,  астарлы,  сыршыл стилін жасады. Ол болашақ ұрпақтың тілі көркем әрі әсем шығуына тікелей ат салысты. Қазақтың адал да, аңғал, қайсар да, намысшыл болмысының суретін айнытпай салған суреткер болды. Сондықтан оның жырларынан кез-келген адам өзін, өз мұңын, өз қуанышын тауып алып жатады. Оның өлеңдерінде бәріміз бармыз, жақсымыз да, жаманымызда Мұқағали поэзиясының ішіндеміз.

Мұқағали —  соғысқа дейінгі,  соғыстан кейінгі үміт пен күдіктің,  қайғы мен бір сәттік қуаныштың қаліндегі адамдардың образын жасады. Өмір мен өлімнің арасында аласұрған жанның,  азап пен шаттықтың ортасындағы тіршіліктің,  пенде мен періштелік пиғылдың бейнесін қағазға түсірді.

Ол — өлеңді сүйді, өлеңді өмір деп қабылдады!

9-шы ақпанды "Қазақ поэзиясының күні"  деп атауды ұсынар едім.  Ақынның өзі " Поэзия менімен егіз бе едің," деп кеткен жоқ па...  Егіздер бір күнде туатыны айдан анық қой.

Біз 21 ші ғасыр ұрпақтары — Мұқағал поэзиясының құрдастарымыз! Оның өлеңдері өз сұлулығын сақтап, келесі ғасырлар ұрпақтарымен де аман-есен жүздесетініне кәміл сенем!

Қазақ әдебиеті өркендей берсін!

Айбек Ережеп

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

22.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.