Ақтөбеде "Nur Otan" жол картасын қабылдады

Malim Админ

  • 12.02.2021

Ақтөбеде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы жобасы талқыланды.Облыстық, қалалық және 12 аудандық жол картасы жобасына 96 іс-шара енгізіліп, 70 нысаналы индикатор белгіленген. Әрбір жылға нақты көрсеткіштері бар тиісті жол картасын нұротандық депутаттар облыстық мәслихаттағы фракция отырысында талқылап, пысықтады.

Фракция отырысын ашып жүргізген партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалин партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы жобасында тұрғындарды алаңдатқан мәселелер қамтылғанын атап өтті.
« Өткен жылдың 17 қазаны күні облыстық филиалдың кезектен тыс ХХХ онлайн конференциясында партия филиалының сайлауалды бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламаны орындау жөнінде алдағы 5 жылдыққа арналған Жол картасы жасалды. Жол картасының ерекшелігі сол, мұнда облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі елді алаңдатқан мәселелер түгел електен өткізілді. Алдағы бес жылда өңірді дамытудың тың жоспары осы құжатта толық жазылған, - деді Оңдасын Оразалин.
Жол картасы жобасында Ақтөбе облысында жүзеге асатын ірі жобалар бар. Мәселен алдағы бес жылда облыс көлемінде "AltynEx Company" тау-кен металлургиялық комбинаты, "АҚТӨБЕ ЦЕМЕНТ" цемент өндіру зауыты, Қарғалы ауданында 48 мВт жел электр станциясы (екінші кезек), Мәртөк ауданында 2,8 мың бас ІҚМ арналған сүтті-тауарлы фермалар, Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынады. Осы және басқа да нақты жоспарларды фракция мүшелеріне партияның облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Ербол Данағұлов мәлімдеді.
-Біз халық пен билікті байланыстыратын буын ретінде халықтың сенімі мен ақ-адал аманатын арқаладық. Сондықтан да сайлауалды бағдарламаларымызды жүзеге асыру үшін еліміздің, өңіріміздің әлеуметтік дамуын ілгерілетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жоспарларымызды ашық түрде қарауға ұсындық. Ендігі кезекте, алдағы 5 жылда Сайлауалды бағдарламамызды жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын толық әрі сапалы орындап, халыққа қызмет ету міндеті тұр. Облыстық жол картасы 165 пункттен құралып, фракцияның барлық 26 мүшесіне орындалуын ұйымдастыру бекітілді, -деді ол.
Оның айтуынша, сайлауалды бағдарлама халықпен, оның ішінде шалғай елді мекендер тұрғындарымен жан-жақты талқылау нәтижесінде қалыптасты. Тек праймериз барысында ғана тұрғындардан 1,1 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Бұдан бөлек үгіт-насихат кездесулері кезеңінде тағы да қосымша аманаттар түсті. Олардың 82 пайыздан астамы аймақтық сайлауалды бағдарламаларды бекіту кезінде ескеріліп, нақты жоспар ретінде Жол картасына еніп отыр.
Нұротандық депутаттар талқылау барысында өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді. -Праймериз және үгіт-насихатпен біз шалғай ауылдарға дейін барып, халықтың ұсыныс-тілектерін естіп, жинап қайттық. Соның барлығы сайлауалды бағдарламада қамтылды. Енді міне, олардың жол картасына енгізілгенін көріп отырмын. Қоршаған ортаға қауіпті мұнай қалдықтарын қайта өңдейтін "ЭкоТехПрогресс" зауытын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенін салу жоспарланған. Бұл халық тілегінің ескерілгенінің бір мысалы, - деді фракция мүшесі Евгений Лазарчук.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады