Полиция, сот және прокурор карантинде моншаға баруға неге құмар?

Malim Админ

  • 16.02.2021

Қазақстандық полиция, сот, прокуратура қызметкерлері жаһандық пандемия уақытында моншаға (саунаға) барғанды жақсы көретін тәрізді.

Кешеден бері «Facebook», «Instagram», «WhatsApp» сияқты әлеуметтік желілерде Семей қаласындағы монша кешенінің бірінде түсірілген фото тарап кетті. Онда бір топ ер адамның дастархан басында отырғаны бейнеленген. Фотоны «Facebook» желісінде таратқандардың бірі Руслан Лазутаның сөзінше, моншада көңіл көтеріп отырған азаматтардың барлығы Семей қалалық полиция инспекторлары. Олардың арасында жергілікті полиция қызметінің басшысы Ришат Сұңғатов та бар. Болжам бойынша, инспекторлардың көңілді отырысы қаңтар айының соңында болған. Бұл уақытта Шығыс Қазақстанда коронавирус індетіне байланысты қандай да бір жиын немесе той өткізуге тыйым салынған. Шектеулердің орындалуын полиция инстпекторларының өздері қадағалауы тиіс болған.

Аталмыш оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті мәлімдеме таратты. Онда Департамент желіде тараған фотода расымен де Семей полиция басқармасының қызметкерлері бар екенін растады.

«Әлеуметтік желілерде тараған фотода расымен де Семей қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бар. Аталмыш фактіге байланысты ШҚО Полиция демпартаментінің ішкі қауіпсіздігі тексеру жұмысын бастады», - делінген департамент таратқан мәлімдемеде.

Құзырлы орган қызметкерлерінің моншада демалуын Қазақстан халқы алғаш рет көріп отырған жоқ. Бұған дейін ел 2020 жылдың сәуір айында Алматы облысының Сарыөзек ауылындағы сауналардың бірінде өздерін «ОПГ» (ұйымдасқан қылмыстық топ) атаған судья (Кербұлақ ауданының судьясы Дінмұхамед Сейтов) мен прокурордың (Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев)  көңіл көтеруіне куә болған. Бірақ ол кезде желіге фото емес, видео тараған.

Бұдан бөлек, халық 2020 жылдың 18 сәуірінде (Қазақстан толықтай карантинге жабылған уақытта) Ақмола облыстық жемқорлықпен күрес бюросының тергеу басқармасы басшысы Руслан Тұрғанбековтың Көкшетау қаласындағы «Избушка» монша кешеніндегі көңілді кешін қызықтаған.

https://www.youtube.com/watch?v=2KYYK46aqNQ&feature=emb_title

Байланысты жаналықтар

«Назарбаев Университеті» Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 12 миллион теңге төлейді

29.03.2024

Бишімбаевтың сотында Салтанаттың ағасы марқұмның бет-жүзі көгерген суретін көрсетті

29.03.2024

Бишімбаевтың сотын тікелей эфирде 47 мыңнан астам адам қараған

28.03.2024

Қояндыда су тасқыны кезінде жолды жауып тастағандар айыппұл арқалады

28.03.2024

Бишімбаевтің інісі: Қылмыс жасадым ба, білмеймін

27.03.2024

Бишімбаев тағылған айыппен тағы да келіспеді

27.03.2024
MalimBlocks
«Назарбаев Университеті» Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 12 миллион теңге төлейді

«Назарбаев Университеті» Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 12 миллион теңге төлейтін болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бишімбаевтың сотында Салтанаттың ағасы марқұмның бет-жүзі көгерген суретін көрсетті

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотта қарындасының соққыға жығылған фотосын көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бишімбаевтың сотын тікелей эфирде 47 мыңнан астам адам қараған

Жоғары соттың баспасөз қызметі азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қояндыда су тасқыны кезінде жолды жауып тастағандар айыппұл арқалады

Ақмола облысында су тасқынынан кейін наразылық білдірген Қоянды ауылының тұрғындарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бишімбаевтің інісі: Қылмыс жасадым ба, білмеймін

Бүгін Бақытжан Байжанов та Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты өзіне тағылған айыпқа жауап берді.

Бишімбаев тағылған айыппен тағы да келіспеді

Келесі сот отырысы 29 наурыз күні сағат 10:00-де өтеді.