Бронежилетті әкім: Күршім ауданы соғысқа дайындалып жатыр ма?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 25.02.2021

Коронавирус пандемиясы ушығып, халық дәрі таппай жатқан уақытта Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі Қажанов Дулат бронежилет сатып алған.

Кеше kent_vko парақшасында Күршім ауданы әкімінің аппараты 1 000 000 теңгеге бронежилет сатып алғандығы жөнінде ақпарат жарияланды. Онда пост авторы мемлекеттік сатып алулар порталындағы хабарландыруға сілтеме жасап, «аудан әкімі атысқа дайындалып жатыр ма?» деп жазды. «Ай мен күннің аманында аудан әкімдігі кіммен атыспақшы?» деген сұрақ біздің де қызығушылығымызды оятты. Осыдан кейін, біз де мемлекеттік сатып алулар порталына кіріп, ақпараттың растығына көз жеткізуді жөн көрдік.

 

Мемлекеттік сатып алулар порталында Күршім ауданы әкімінің аппараты 2020 ж. 07. 23 мен 2020 ж. 07. 30 аралығында шын мәнінде 1 000 000 теңгеге 20 дана бронежилет сатып алғаны жөнінде хабарландыру жарияланған. Аталмыш мемелекеттік сатып алудың «№4675664-ЗЦП1 қорытынды хаттамасында» №32987812-ЗЦП2 лотты  «DJ Invest» компаниясы жеңіп алғаны жөнінде айтылған. «DJ Invest»-тен бөлек, лотқа «ЖК Интымакова Б.Ж», «SYNERGY INC» ЖШС және «TEST» ЖШС компаниялары қатысқан. Соңғысы екінші орын алған.

Порталда «DJ Invest»-тің басшысы Жинтимирова Жанар Тулеповна, компания мекенжайы Алматы қаласы, Розыбакиев 117/21 деп көрсетілген.

«DJ Invest» бұған дейін мемлекеттік сатып алуларға бірнеше рет қатысқан. Оның қызмет көрсету аясы алуан түрлі. Ол «мүгедектерге арналған коляска-креслодан» бастап, «өрт сөндіргіш», «трамвайларға арналған қосалқы бөлшектерге» дейінгі аралықтағы лоттарға қатысқан. Және барлығында жеңіске жеткен.

Күршім ауданының әкімі коронавирус пандемиясы өршіп, дәрі таппай, не істерін білмеген халықты індеттен бронежилет алу арқылы қорғаймын деді ме, жоқ әлде вируспен соғысқа осылайша дайындалды ма бізге әзірге белгісіз. Кейде «әлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұрған уақытта шекаралық ауданды басқару қауіпті болғасын, әкім ешнәрсеге қарамастан, бірден 20 дана бронежилет алды ма екен» деген де ой келеді миымызға. Әрине, бұның барлығы жай ой ғана. Неде болса, 2020 жылдың шілдесінен бері Күршім ауданында бронежилет асынған 20 адам бар...

Байланысты жаналықтар

«Тағы бір Салтанаттың өлгенін күтеміз бе?»: Желіде әйелін аяусыз ұрған еркектің видеосы тарады

12.04.2024

Алматыда жер сілкінді

12.04.2024

ТЖМ Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

12.04.2024

Алматы облысында екі жылдан бері пәтеріне кіре алмай жүрген үлескерлер шу шығарды

12.04.2024

Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

10.04.2024

Алматыда 1997 жылы заңсыз сатылған ҚазҰПУ ғимаратының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

09.04.2024
MalimBlocks
«Тағы бір Салтанаттың өлгенін күтеміз бе?»: Желіде әйелін аяусыз ұрған еркектің видеосы тарады

Бұл туралы «Балалар қорғауда» жеке қорының басшысы Жанна Ахметова facebook-парақшасында жазды.

Алматыда жер сілкінді

Қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан – афтершок.

ТЖМ Алматыда 30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

Мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Алматы облысында екі жылдан бері пәтеріне кіре алмай жүрген үлескерлер шу шығарды

Жекеменшік пәтеріміз болады деп қуанған 200-ге жуық отбасы енді құрылыс компаниясының бас кеңсесін торуылдап жүр.

Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

Нәтижесінде оның бағасы 3200 теңгеге төмендетілген.

Алматыда 1997 жылы заңсыз сатылған ҚазҰПУ ғимаратының бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады.