Лондон сарайлары: Қазақ байы қызына бір жылда үш пәтер сыйлаған

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 07.03.2021

Миллиардер Владимир Ким қызы Камилла Кимге 58 миллион долларға үш бірдей пәтер сыйлаған.

5 наурызда «Выход к морю» телеграм каналы Владимир Кимнің 2017 жылы қызы Камилла Кимге (18 жасқа толуына орай) Ұлыбритания астанасы Лондоннан жалпы құны 41,5 млн фунт стерлинг болатын (58 млн долларға) үш бірдей пәтерді сыйға тартқаны жөнінде журналисттік зерттеу жариялады.

Мақалада Камилла Кимге тиесілі үш пәтердің үшеуі де Лондон орталығы Гайд Парк ауданында орналасқаны айтылады. 2017 жылдың қаңтарында Камилла Ким 18 жасқа толған. Дәл осы жылдың қазан айында ол Найтсбридж ауданындағы «The Knightsbridge Apartments» тұрғынүй кешенінің бесінші қабатынан екі пәтер алған. Оның жалпы құны 14 миллион фунт стерлинг (бірінші пәтер – 6 млн, екіншісі – 8 млн фунт стерлинг) болған. Ким пәтерлерінің параметрлері қандай екені белгісіз. Бірақ нарықтағы бағасы осыған ұқсас пәтерлердің аумағы ат шаптырым. Мысалы;  дәл осы үйден 7,2 млн фунт стерлингке үш бөлмелі пәтер алуға болады. Бұнда әр бөлменің жеке ваннасы мен дәретханасы бар. Пәтердің жалпы көлемі – 160 шаршы метр. Яғни, Камилла Кимнің екі пәтерінің көлемі – 300 шаршы метр деуге толық негіз бар.

Камилла Кимнің үшінші пәтері 2011 жылы салынған «One Hyde Park» резиденциясында орналасқан. Ол Гайд Парктың дәл жанында, Букингем сарайына жақын, ең қымбат ауданда тұр. Камилла Ким бұл пәтерді 2017 жылдың маусым айында сатып алған. Пәтерден бөлек, оның иелігіне көлік тұрағы мен шарап қоймасы кіреді. Үй резиденцияның В корпусында орналасқан. Бұл жылжымайтын мүліктің жалпы құны – 27, 5 миллион фунт стерлингті құрайды.

Айта кететін бір жайт, 2019 жылдың шілде айында бірқатар БАҚ экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондон көшесінде спортпен шұғылданып (жүгіріп) жүрген фотосын жариялаған. Назарбаевтың жанында сол уақытта олигархтар Болат Өтемұратов, Ерлан Ыдырысов және Владимир Ким болған. Экс-президенттің дәл осы «One Hyde Park» тұрғын үй кешенінде тоқтағаны және пәтердің Владимир Кимге тиесілі екендігі жөнінде айтылған.

Forbes журналының 2020 жылғы есебі бойынша, Владимир Кимның байлығы 4,1 миллиард долларға бағаланған. Ол Қазақстандағы ең бай адамдардың көшін бастап тұр. Кимның «Қазақмыс» корпорациясында, «KAZ Minerals PLC» пен RBK Банкте үлесі бар. Бұдан бөлек, ол «Таң» телеарнасына да инвестиция құйған. БАҚ Владимир Кимді экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын адамдардың бірі дейді.

Байланысты жаналықтар

«Қазақмыс»-тың бөлім басшысы күдікке ілінді  

14.03.2024

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

27.11.2023

Ең бай қазақ «Формула-1» компаниясын сатып алды

26.06.2023

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды Нұрсұлтан Назарбаевқа резиденция сыйлады

20.06.2023

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

16.01.2023
MalimBlocks
«Қазақмыс»-тың бөлім басшысы күдікке ілінді  

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлер жарақат алған

Ең бай қазақ «Формула-1» компаниясын сатып алды

Байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланатын ең бай қазақстандық Владимир Ким Hitech GP жарыс командасына иелік ететін Hitech Global Holding Limited компаниясының 25 пайыз акциясын сатып алды,- деп хабарлайды компания сайты.

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды Нұрсұлтан Назарбаевқа резиденция сыйлады

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды ағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Үшқоңырдағы резиденциясын сыйға тартты.  

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

Жұрт "Болаттың базары" атап кеткен "Алтын Орда" базарының түпкі иесі Болат Назарбаев екенін былтыр көктемде ресми түрде хабарланған.