Вакцина егу: Ұстаздар  медқызметкерлерден қалысар емес

Malim Админ

  • 11.03.2021

Елорда мұғалімдері вакцина салдыруда белсенді болып тұр. Негізі, бас қалада ақпан айында медицина қызметкерлері  вакцина салдырып алған еді. Бірінші наурыздан бастап кезек мұғалімдерге тиген. Ұстаздар медицина қызметкерлерінен қалысар емес. Әр мектеп әр ауруханада вакцина салдырып жатыр. Мәселен, күні кеше елордадағы №78 мектеп-гимназиясының мұғалімдері «Салауатты Астана» емханасында ерікті түрде вакцина салдырды.

«Бұл вакцинаны қазір саламыз және 21 күннен соң екінші мәрте қайталаймыз. Ең алдымен салудың алдында  қабылдаушыдан сауалнама алып, медициналық қараудан өткіземіз. Сондай-ақ асқыну мен қарсы көрсеткіштерді түсіндіріп өтеміз», – деді «Салауатты Астана» емханасының дәрігері Майкамал Еселбаева.

Дәрігердің айтуынша, күніне ерікті түрде 30 шақты мұғалім вакцина салдырып жатыр.  Әзірге вакцина кері есер еткен жағдай болмаған.

«Вакцина салдырған соң ешқандай өзгешелік байқағам жоқ. Қандай күтім керек екенін дәрігер түсіндірді. Көпшіліктің ортасында жүрген соң өзімнің, оқушыларымның, туған-туыстардың денсаулығын ойлап, өз еркімен вакцина салдырдым. Індеттен құтылатын амал бар болса, оны неге пайданаланбасқа?» – дейді №78 мектеп мұғалімі Гүлиза Сәрсембаева.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks