Аймағамбетов мектептер 12 жылдық білім беруге қашан өтетінін айтты

Malim Админ

  • 15.03.2021

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептері 12 жылдық білім беру мен латын қарпіне 2023 жылдан бастап көшетінін мәлімдеді.

"Орта мектептегі білімді дамыту үшін 2023 жылдан бастап 12 жылдық оқу мен латын қарпіне біртіндеп өту жоспарланып жатыр. Ол үшін ауқымды жұмыс жүргізу керек", - деді А.Аймағамбетов министрліктің кеңейтілген отырысында.

Бұған дейін Қазақстан мектептері 12 жылдық білім беруге 2021 жылдан бастап өтетіні хабарланған.

Жалпы, елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайындық 2006 жылы басталды. 2006 жылдың шілдесінде үкімет "12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту" жөніндегі қаулыны қабылдады. Оған сәйкес, 12 жылдыққа көшу біраз дайындықты қажет ететіндіктен, оған көшу кезең-кезеңмен іске асып жатыр. Мысалы, 12 жылдыққа көшу аясында 2007 жылы  "Білім туралы" заңға сәйкес, жоғары сынып оқушыларына біртіндеп бейіндік оқыту енгізілді. Халықаралық тәжірибе зерттеліп, кейбір орта мектептерде тәжірибелік 12-сыныптар ашылды.

Сондай-ақ ең бастысы, 12 жылдыққа көшпес бұрын білім беру бағдарламалары жаңартылуы тиіс. 2015 жылы жаңартылған білім беру бағдарламалары бекітілді. Алайда ол 11 жылдыққа арналған білім бағдарламалары еді. Сондықтан, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қазір жаңартылған білім беру бағдарламалары біртіндеп ендіріліп жатыр.

"Егер 12 жылдыққа алдын ала дайындықсыз көшсек, үлкен мәселелерге тап боламыз. Ең алдымен мектеп инфрақұрылымына , мұғалімдердің дайындығына және жаңа оқулықтарды шығаруға салмақ түседі. Барлық сынып жаңа бағдарламаға көшіп біткен соң ғана 12 жылдыққа өтеміз. 12 жылдыққа өтудің бірнеше жолы бар. Оған біртіндеп өту керек. Яғни бала 1-сыныпқа барғанда мектепте 12 жыл оқитынын білуі тиіс", - деді А.Аймағамбетов.

Еліміз латын қарпіне көшуді жоспарлап жатқандықтан, ол білім беру жүйесіне де әсер етері анық. Білім беру жүйесін латын қарпіне біртіндеп бейімдеуге де біраз дайындық керек. Өйткені оқулықтар жазып шығару мен педагогтардың дайындығына уақыт қажет екені айтпаса белгілі. Осы себепті білім және ғылым министрлігі 12 жылдыққа бұрын жоспарланғандай 2021 жылы емсе, 2022 жылы көшуді жоспарлап отыр.

 

Байланысты жаналықтар

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

30.05.2023

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болды

04.01.2023

«Өкпелесең көшіп кет!». Биыл ауызынан «хит» төгілген шенеуніктер  

27.12.2022

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

10.11.2022

Аймағамбетов Тоқаевты неге өтірікші жасай береді?

01.09.2022
MalimBlocks
Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.  

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болды

Аймағамбетов аталмыш министрлікті 4 жылға жуық уақыт тізгіндеген

«Өкпелесең көшіп кет!». Биыл ауызынан «хит» төгілген шенеуніктер  

Соған ашуы-ызасы туды ма екен?!

Енді 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Оқу-ағарту министрлігі осындай хабар таратты.

Аймағамбетов Тоқаевты неге өтірікші жасай береді?

Министрім не дейді, президентім не дейді? Аймағамбетов Тоқаевты екі айдың ішінде екі түрлі сөйлеуге мәжбүрледі.