Вирустың жаңа штамы: Ауырып шыққандар қайта жұқтыра ма?

Malim Админ

  • 19.03.2021

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда коронавирустың "британдық", "оңтүстікафрикалық" және "бразилиялық" штаммдарына тән мутация анықталған болуы мүмкін екенін хабарлады.

"Денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирус штаммдарын зерттеп жатыр. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы 17 наурыз күні Алматыдағы коронавирус анықталған науқастардың зертханалық сынамаларын зерттеп көрді. Зерттеу нәтижесінде "британдық", "оңтүстікафрикалық" және "бразилиялық" штамдарға тән болжалды мутация анықталды", - дейді А.Цой Facebook-тегі парақшасында.

А.Цой елде жаңа штаммдар анықталған-анықталмағаны, үш штаммның нақты қайсысы анықталғаны бір айдан кейін белгілі болады деді. Сондай-ақ министр коронавирус мутацияларының алдын алу мен емдеу әдістері бұрынғы екенін айтып, "Спутник V" вакцинасы "британдық" штаммға қарсы тиімділігін дәлелдегенін жеткізді.

"Бразилиялық" штамм несімен қауіпті?

Британдық Financial Times басылымы Ұлыбртаниядағы Oxford университеті, Imperial College London мен Сан-Паулу университеті ғалымдарының бірігіп жасаған зерттеуіне сілтеме жасап, "бразилиялық" штамм бұған дейін коронавируспен ауырып, имминутет қалыптастырған адамдарға жұға алатынын хабарлаған. Бразилияда алғаш анықталған Р.1 штамы ауырып шыққан адамдардың иммунитетіне қарамастан жұғуы мүмкін. Зерттеуге коронавирустың алғашқы толқынында ауырып шыққан 100 адам қатысқан. Осы 100 адамның  ішінен 25-тен 61-ге дейін адам вирусты қайта жұқтыра алатынын зерттеу көрсетті. Бразилиялық штамм коронавирустың өзге түрімен салыстырғанда 1,4-2,2 есе жұқпалы.

"Р.1 (бразилиялық штамм) Манаустағы (Бразилияда осы штамм алған анықталған қала) вирустың эпидемиологиялық ипатын өзгертті деп сенімді түрде айта аламыз, бірақ ол басқа жағдайда да дәл осындай болатынын-болмайтынын білмейміз", - дейді Imperial College London оқытушысы Нуно Фариа.

Оның айтуынша, бразилиялық штамға қарсы вакцина тиімсіз деген дәлел әзірге жоқ.

Зерттеушілер Бразилияның Манаус қаласында вирустың жаңа штамы екінші толқыннна бір ай бұрын алғаш анықталды дейді. Сөйтіп, коронавирус анықталғандардың ішінде "бразилиялық" штамды жұқтырғандар жеті аптада нөлден 87 пайызға жетті.

"Зерттеу нәтижесі табиғи иммуниттетің әлсіреуі Манаустағы вирус өсімінің жалғыз себебі емес екенін көрсетті. Өйткені Р.1-дің эпидемиологиялық сипаты басқа. Сондықтан вакцина Р.1-ға қарсы қаншалықты тиімді екенін тез арада зерттеу керек", - делінген зерттеуде.

Зерттеушілер Р.1 штамы анықталған соң, Манауста осы инфекциядан өлім-жітім көрсеткіші 10-80 пайызға артқанын жазды. Бірақ өлім-жітім вирустың жаңа штамынан көбейді ме, әлде денсаулық сақтау жүйесінен үлкен сламақ түскендіктен артты ма, әлде осы екі нәрсе де себеп болды ма, оны тап басып айту қиын дейді.

Британдық басылымдар "британдық" штамм тез таралады, тіпті 70 пайызға дейін жұқпалы екенін жазған. Алайда мұнымен кей зерттеушілер келіспейді.

Байланысты жаналықтар

COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

03.04.2024

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

01.07.2022

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021
MalimBlocks
COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

Қазнетте Covid-19 вакцинасының өлімге әкелетін вирусты қолдану арқылы жасалғаны туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

Маусымның ортасынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны  артқан

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді