Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Malim Админ

  • 26.03.2021

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі  күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына мынадай өзгерістер енгізілген:

  • Ел азаматтарының шет елдерде демалысын ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасына COVID-19 әкелінуінің алдын алу жөнінде қосымша шаралар ұйымдастыру;
  • Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар ету;
  • медициналық авиация желісі бойынша қолданылатын әуе кемесімен covid-19-ға күдікті пациентті эвакуациялау кезінде эвакуациялау аяқталғаннан кейін әуе кемесінің салоны мен пайдаланылған заттар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып зарарсыздандыру;
  • Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық ЖОО-лар мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканың басталуы алдында медициналық ұйымға нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде жіберіледі.

Сондай-ақ, төртініші тоқсанда республиканың барлық өңірінде республиканың барлық өңірлерінде 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

  • білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
  • тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:

  • жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
  • оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі.

Жаңа қаулыға сәйкес, КВИ-ды қоса алғанда, инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі.

Байланысты жаналықтар

Көктемгі каникул — 11 күн

15.03.2024

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

28.12.2021

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

13.09.2021

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

09.09.2021

Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды

19.08.2021

Қазақстанның 5 қаласында карантин күшейтіледі

27.07.2021
MalimBlocks
Көктемгі каникул — 11 күн

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды

Алматылық кәсіпкерлер демалыс күнгі локдаун жағдайында бизнес белшеден шығынға батқанын айтып шағымдануда. Күн сайын өзгере беретін жаңа қаулы мен түрлі шектеулерден шаршаған кәсіпкерлер билік әрекет етпесе, наразылық шарасын өткізетінін айтты.

Қазақстанның 5 қаласында карантин күшейтіледі

Қазақстанның бірден бес қаласында карантин күшейтіледі: Ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдады.