«Мұзжыраның» бейнесі қалай өзгерді?

Қуанышбек ҚАРИ

  • 26.03.2021

Бұл – Алматы облысы Кеген ауданы Шырғанақ ауылы маңындағы «мұз жанартау». Жол бойында су атқылап жатыр. Күн жылынып, қар еріді. «Жанартау» бейнесі де өзгерді. «Шырғанақ жанартауы» түрлі кейіпке түседі.

Кейде Маңғыстаудағы Бозжыраға ұқсап кетеді. Көпшілік бұл жерді әдетте «Мұзтау» деп атайды. Алайда оның кешкі немесе түнгі қаңқасынан әлдебір алып хайуанды, немесе құлаған күмбез сұлбасын көруге болады. «Мұзтаудың» «Мұзжыраға» айналу процессін тамашалаңыздар.

Қыстағы қалың мұзы еріп, қазір «жанартау» қабырғасының қаңқасы қалған. Жанына барғанда абайламаса, кез-келген уақытта мұз кесегі құлауы мүмкін.

«Мұзжыра» түнде ту сыртынан қарағанда әлдебір алыпқа да ұқсап кетеді.

 

Мұз қабырға кейде құлаған күмбезге де ұқсайды.

«Мұзжыра» түнде ту сыртынан қарағанда әлдебір алыпқа да ұқсап кетеді.

 «Жанартау» маңындағы қар еріп, суы төмен қарай ағып жатыр

 Келушілер мұз қаңқаның құлау қаупіне қарамастан, қабырғаның түбінде тұрып суретке түседі.

Қаңқаның ортасындағы су бұрынғыша атқылап жатыр

Мұз «жанартаудың» қаңқасын түрлі құбыжық бейнеге де ұқсатуға болады.

Мұзжыра Мұзжыра

Байланысты жаналықтар

«Құс қанаты» кезіндегі «Көшпенділер қаласы»

31.03.2021

Қысқы көкпар көріністері (фоторепортаж)

03.02.2021
MalimBlocks
«Құс қанаты» кезіндегі «Көшпенділер қаласы»

Қысқы көкпар көріністері (фоторепортаж)