Ұлттық саябақ жері жалға берілмек

Malim Админ

  • 26.03.2021

Іле Алатау мемлекеттік-ұлттық саябағының 187,7 гектар жері 5 және 25 жылға жалға берілмек.

«Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Таусамалы ықшам ауданы, Жандосов 1 көшесінде орналасқан «Іле Алатау мемлекеттік-ұлттық саядағы» Республикалық мемлекеттік мекемесі саябақ жерін ұзақ мерзімде 25 жылға, қызқа мерзімде 5 жылға туристік және рекреациялық мақсаттарға жалға беруге тендер жариялайды», - делінген жарияланған құжатта.

Тендерге 35 жер телімі қойылған. Оның 9-ы ұзақ мерзімге, 26-ы қысқа мерзімге жалға берілмек. Саябақ аумағына көптеген туристік және сауықтыру кешендері салынады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, олардың арасында эко-отель сауықтыру кешені, Балалар және шатырлы лагерьлер, қоғамдық тамақтану орындары, туристік орталықтары бар. Бұдан бөлек, Үлкен Алматы орман шаруашылығының 140 гектар жеріне тау шаңғысы курортын салу жоспарлануда.

Іле Алатау ұлттық саябағының аумағына тау шаңғысы курортын салу бастамасы бұған дейін де болған. 2002 жылы сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Bonita group» компаниясы «Іле Алатауы курорт аймағы» жобасын таныстырылып, Көк-жайлау шатқалына тау шаңғысы курортын салуды ұсынған. Бірақ бұл бастамаға алматылық эко-белсенділер қарсы шыққан. Құны 1,5 миллиард долларлық жоба төңірегінегі дау 17 жылға созылған. 2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк-жайлау тау шаңғы кешенін салуға тыйым салған».

Қазақстанда табиғаты көрікті жерлерге қонақүй немесе курорт салуға байланысты даулар жиі болады. Осыдан біраз уақыт бұрын Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы аумағына қонақүй салуға байланысты дау шыққан. Ол кезде де эко-белсенділер жобаға қарсы шыққан.

Оқи отырыңыздар: Бозжыра дауында билік жеңіле ме?

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады