Астанада карантин күшейтілді

Malim Админ

  • 29.03.2021

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері С.Бейсенованың қаулысымен астанадағы карантин шаралары күшейтілді.

Қаулы бойынша, 9, 11 (12)-сыныптарды қоспағанда, барлық сыныпта оқитын оқушылар қашықтан оқуға көшірілді.

Сауда ойын-сауық,сауда үйлері жұмыс күндері таңғы оннан кешкі сағат беске дейін жұмыс істейді, демалыс күндері жұмыс істемейді.

Қоғамдық тамақтану орындары да демалыс күндері жұмыс істемейді, тамақты тек жеткізіп беру мен үйге сатуға рұқсат етіледі.

Бұқаралық іс-шаралар, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), сондай-ақ мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру және өткізуге,митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салынды;

Боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), кинотеатрлар, кинорумдар, бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтар, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары және ойын алаңдары мен аттракциондар, ,  мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салынды;

Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау керек.

Қоғамдық көлік жексенбі күні астанада жүрмейді.

ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық  іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала   Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» тelegram-ботпен брондау арқылы жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салу;

«Қазпочта» АҚ-ның жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салу;

Денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастыру;

Жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын  қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша,   күшейтілген санитариялық -эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру;

Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

 

Байланысты жаналықтар

COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

03.04.2024

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

01.07.2022

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

20.12.2021
MalimBlocks
COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

Қазнетте Covid-19 вакцинасының өлімге әкелетін вирусты қолдану арқылы жасалғаны туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

Маусымның ортасынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны  артқан

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?