Астанада көпсалалы спорт орталығы ашылды

Malim Админ

  • 20.03.2021

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз өзін неше мәрте дәлелдеді екен... Бүкіл әлем коронавирустың шеңгеліне ілінгенде де спортпен тұрақты түрде айналысып тұратын, салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың вирусты тез еңсеретіні аз айтылған жоқ. Сондықтан, «спорт – денсаулық кепілі» екені ешқашан естен шықпағаны абзал. Азаматтарымыздың денсаулығы үшін ауруханалар мен емханалар ғана емес, спорттық орталықтар да көп ашылуы керек. Спорт – алдымен денсаулық, сосын мәдениет. Содан кейін ғана сайыс. Бұқаралық спорт дамығанда елдің байрағын биік көтеретін чемпиондар да көбейе түседі. Бұған қоса, тағы бір айта кетерлігі – спорт адамға (жастарға, балаларға, жасөспірімдерге) берілетін үлкен мүмкіндік. Өмір жолын таңдауға, өзін дәлелдеуге, сол арқылы жетістікке жетуге. Бұл туралы әлемде де, Қазақстанда да мысал жетерлік. Сол үшін де елімізде спорт ғимараттарының, үлкенді-кішілі үйірмелердің көп болуы маңызды.

Соңғы кездері Қазақстанда спорт сарайлары мен орталықтарының ашылғаны жайлы ақпаратты жиі естуге болады. Астанада да жаңа бір орталық бой көтерді. Бөкс, көркем гимнастика, жекпе-жек өнері сияқты спорт түрлерінің басын қосқан орталық енді бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Бокс пен жекпе-жек өнерінен қазақ баласы кенде емес, спорттық додаларда да ең көп аталатын спорт түрі осы деуге болады. Ал, көркем гимнастика үлкен қалаларда болмаса, алыс аудандарда көп қолға алына қоймаған нәрсе. Тіпті, үлкен қалалардағы санаулы орталықтардың өзіне көбіміз балаларымызды бере бермейміз. Өйткені, ондай мәдениет қалыптаса қоймаған. Сондықтан да бұл орталықтың маңызы ерекше. Күні ертең бұл орталықтан сұлу да сымбатты қыз-жігіттер – болашақ чемпиондар өсіп шығып жатса, несі бар, ол күн де алыс емес.

Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесі қарсаңында ашылған орталық – спорт кешені бір уақытта 500 адам қабылдай алады. 500 адам көрермен емес, сол жерде спортпен айналысатын адамдар саны. Заманауи құралдармен, соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған орталық елорда спортының жамуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысады. Мәселен, бұл орталықта тек ақылы қызмет көрсетіліп қана қоймайды, сонымен қатар, қалаға қарасты спорт мектептері мен астаналық құрама командалар (жоғарыда аталған спорт түрлері бойынша) тегін жаттығу жасай алады. Сондай-ақ, бұл орталықта алдағы уақытта біраз спорттық жарыстар өткізу жоспарланып отыр. Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, бұл кешен қала тұрғындарының спортпен айналысуына да жағдай жасайды.

«Құрметті спорт сүйер қауым! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен және бүгінгі спорт орталықтарының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қаламызда спорт орталықтарының көптеп ашылуы тұрғындарының спортпен айналысуына жағдай жасап, балалар мен жасөспірімдердің, сондай-ақ қала құрамасының халықаралық бәсекелерде жоғары деңгейде өнер көрсетуіне септігін тигізетін болады», - дейді ол.

Ендігіде бұл орталықта қыркүйек-қазан айларында спорт мектептеріне қабылданған жүзден –жүйрік, мыңнан – тұлпарлар және қала тұрғындары сүйікті кәсібімен һәм хоббиімен айналыса алады.

Байланысты жаналықтар

Қамшыбек Қоңқабаев бастаған боксшылар Бакуде сынға түседі

19.03.2024

Қазақстанның  4 боксшысы Белград турнирінде  чемпион атанды

18.03.2024

Қазақстандық боксшылар Париж олимпиадасының бес жолдамасын жеңіп алды

12.03.2024

Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

14.05.2023

Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

10.05.2023

Данияр Елеусінов спорттан кетуіне кінәлілерді атады       

11.01.2023
MalimBlocks
Қамшыбек Қоңқабаев бастаған боксшылар Бакуде сынға түседі

Турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Қазақстанның  4 боксшысы Белград турнирінде  чемпион атанды

Қазақстандық боксшылар Париж олимпиадасының бес жолдамасын жеңіп алды

Әйелдер құрамасы лицензия ала алмады.

Қазақстан боксшылары Ташкентте 4 алтын иеленді 

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жалпы командалық есепте Өзбекстаннан кейін  екінші орынға тұрақтады

Ташкенттегі әлем чемпионаты.  Қос боксшы жартылай финалда 

Ширек финалдық сында бапкерлер сенімін толық ақтады

Данияр Елеусінов спорттан кетуіне кінәлілерді атады       

Мені жекпе-жекке шығармай ұстады