Өзбекстан президенті өзіне жала жапқандарға жаза тағайындады

Malim Админ

  • 31.03.2021

Өзбекстанда президентке интернет немесе телекоммуникация жүйесінде жала жапқан немесе қорлағандарға қылмыстық жаза тағайындалды. Бұл хабарды Nuz.kz сайты таратты.

Ел президенті Шавкат Мирзиеев елдің Қылмыстық кодексіне енген толықтыруға қол қойып та үлгерген.

Сонымен, Өзбекстанның жаңа толықтырылған қылмыстық кодексі бойынша, ел президентіне қатысты интернетте артық сөз айтқандар 3 жылға дейін мәжбүрлі түзету жұмысына шегілмек немесе 2 жылдан 5 жылға бас бостандығы шектелмек. Тіпті болмаса, 5 жыл бас бостандығынан айырылмақ.

Бір айта кетерлігі президентке жала жабу не қаралау жазасы бұрын да болған. Бірақ, ол бұқаралық ақпарат құралдарына ғана қатысты еді. Енді міне, өзбекбашыға қатысты интернетте де артық гәпіруге болмайды.  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: Ташкентті жүгіріп өткенде

 

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Өзбек президенті бүгін халқына адал болуға ант береді

14.07.2023

Өзбек-Әзірбайжан ынтымақтастығы: Ташкент Таулы Қарабаққа сый жасамақ

12.04.2021

Гүлнар Каримова: 686 миллион доллар беремін, бостандыққа шығарыңызшы

26.02.2020
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Өзбек президенті бүгін халқына адал болуға ант береді

Өзбекстан президентінің инаугурациясы 14 шілдеде ел парламентінің заң шығару палатасы мен сенатының бірлескен отырысында өтеді,- дейді Олий Мажлис палаталарының хабарламасында.

Өзбек-Әзірбайжан ынтымақтастығы: Ташкент Таулы Қарабаққа сый жасамақ

Гүлнар Каримова: 686 миллион доллар беремін, бостандыққа шығарыңызшы