Қазақстан Қытайдан не үшін вакцинаға арналған 3 миллион құты сатып алды?

Malim Админ

  • 31.03.2021

Қазақстанның  QazCovid-in вакцинасын жасап шығарушы Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты Қытайдан вакцинаға арналған 3 миллион бос құтыны тапсырыс беріп алдыртты.  Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингіде Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария мәлімдеді.

"Біздің вакцинаның өндірісі үшін флакондар керек, вакцина флакондарға құйылады. Сондықтан сай келетін флакондарды сатып алдық, Өйткені вакцина үшін барлық флакондар жарай бермейді. Арнайы сертификатталған флакон керек. Осындай флакондарды Қытай Халық Республикасынан тапсырыс беріп алдырдық. 3 миллион дана бос флакондар институмызға жеткізілді. Болашақта оларға вакцина құйылады", - деді Күнсұлу Закария.

Осылайша, бұған дейін хабарланғандай, Қытай Қазақстанға 3 миллион вакцина флаконын емес, вакцинаға арналған 3 миллион бос флакон жеткізген.

Қытайдан 3 миллион флаконның Алматыға жеткізілгенін бұған дейін "Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы" АҚ өз сайтында хабарлаған. "Қазақстан темір жолының" БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Абзал Нұрқасымов бүгін malim.kz-ке "ҚТЖ" вакцинаға арналған 3 миллион бос флаконды әкелгенін айтты.

Бұған дейін Қазақстандағы Қытайдың төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо 26 наурыз күні “Деловой Казахстан”басылымы, “Kazakhstan Today” ақпарат агенттігі мен “Стратегия 2050” сайтына шыққан сұхбатында Қытай Қазақстанға 3 миллион вакцина флаконын жеткізгенін мәлімдеген.

Бірақ наурыздың 30-ы күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой министрлікке Қытайдан вакцина келгені туралы ақпарат түспегенін айтып, мүлде хабары жоқ екенін жеткізді.

“Бізде мұндай ақпарат жоқ. Ресми тұрде ешқандай мәлімдеме түскен жоқ. Егер ондай вакцина Қазақстанға келген болса, ол әуелі бізге, регуляторға түсіп, ел ішінде қолдануға рұқсат алуы керек. Бізге ондай өтініш түспеді. Сондықтан қазіргі кезде ондай мәлімет менде жоқ”, – дейді Цой.

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

03.04.2024

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

01.07.2022

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021
MalimBlocks
COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

Қазнетте Covid-19 вакцинасының өлімге әкелетін вирусты қолдану арқылы жасалғаны туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

Маусымның ортасынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны  артқан

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді