Грузия халқы Познерді елден қуып шықты

Malim Админ

  • 01.04.2021

Грузияға туған күнін тойлауға барған ресейлік журналист Владимир Познерді белсенділер жұмыртқамен атқылап, елден қуып жіберді.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Владимир Познер Грузия астанасы Тблисиге туған күнін тойлауға келген. Бірақ ол тоқтаған қонақ үйге бір топ белсенді келіп, ғимараттың жарығын сөндіріп, журналистің туған күн тойы коронавирус індетінде байланысты елде жарияланған коменданттық сағат ережелерін бұзғанын айтқан. Осыдан кейін қонақ үй ресторанына 10 мың лари айыппұл салынып, той тоқтатылған.

Наразылардың қарсылығы бұнымен тоқтамаған. Олар Познер тоқтаған қонақүйді жұмыртқамен атқылап, журналистің елден кетуін талап еткен.

Познердің Грузияға келуіне қарсы наразылық акциясын «Уақыт келді» саяси қозғалысының жетекшісі Элене Хоштария ұйымдастырған. Саясаткер  өзінің бұл бастамасын «Владимир Познердің Абхазияға қатысты айтқан пікірі арқылы Грузияның территориялық тұтастығына нұқсан келтірді» деп түсіндірген.

Владимир Познер Тблисиге келген күні әуежайда журналистерге: "Мен үшінші жыл қатарынан туған күнімді Тблисиде атап өтудемін. Мен саясат айту үшін емес, туған күнімді тойлау үшін келдім", - деген.

Бұған дейін журналист «Абхазия ешуақытта Грузияның бір бөлігі болмайды» деп мәлімдеген. Владимир Познер наразылық акциясынан кейін Грузиядан кетуге мәжбүр болған.

 

Байланысты жаналықтар

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

27.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

СІМ: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың болуы туралы ақпарат түскен жоқ

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

Ресейде қазақстандық миллиардер Турловтың активтері тәркіленді 

18.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024
MalimBlocks
Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

СІМ: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың болуы туралы ақпарат түскен жоқ

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

Ресейде қазақстандық миллиардер Турловтың активтері тәркіленді 

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.