Инвестиция: Балмұздақтан- азық-түлікке

Malim Админ

  • 10.03.2021

Қазақстандықтарға балмұздағымен танылған «Шин-Лайн» компаниясы енді қамыр ашытып, түрлі азық-түлік өнімдерін өндірмек. Бүгін осы компания Алматы облысы әкімдігімен меморандумға отырды.  Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының механизмдерін тиімді қолдану жолындағы бұл меморандум бойынша, Алматы облысының Байсерке ауылында азық-түлік және балмұздақ өндіретін кәсіпорындар кешені салынбақ. Сондай-ақ, «Даму» логистикалық орталығының өндіріске іргелес аумағын аббатандыру үшін ірі инвестициялық жоба іске аспақ.  Жоспардағы осы өндіріс кешені іске қосылғанда,  яғни, 2024 жылға қарай тәулігіне 350 тонна өнім шығармақ. Ал оған дейін құрылыстың бірінші кезеңіндегі жобалық қуаты жылына 21 500 тонна өнім болмақ. Жобаның жалпы құны 33,4 млрд теңге. Кешен құрылысы 17 гектар.

Бұл кешенде аймақтағы ең заманауи балмұздақ өндірісі ғана шоғырланбайды,  сондай-ақ мұнда сүт өнімдері, мұздатылған жартылай дайын өнімдер, қамыр, әр алуан кеспе түрлерінің өндірісі ашылмақ. Сөйтіп, аумақтың дамуына, өңірдің индустриялық-инновациялық дамуына серпін бермек.

Алматы облысының әкімдігі «Шин-Лайн» компаниясымен жаңа өндірістік кешен салу жобасын жүзеге асыруға, мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламаларын тиімді жүзеге асыруға дайынбыз деп отыр. Алматы облысының әкімдігі кәсіпорынға мемлекеттік органдармен әрекеттесуді, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін қажетті консультациялық қолдау көрсетуді, сондай-ақ іске қосылған және болашақта жаңа өндіріс құрылысында пайдаланылатын жер ресурстарына және инженерлік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етпек. Ал «Шин-Лайн» компаниясы облыстық әкімдікке құрылыс барысы туралы ақпарат беруді, өндірісті қаржылық және стратегиялық дамыту бойынша іс-шаралар жоспарлауды және мемлекеттік органдармен қажетті әрекеттестік ұйымдастыруды өз мойнына алмақ.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов азық-түлік өндірудің стратегиялық саласында жаңа отандық ірі инвестордың пайда болуын құптап, өңірде қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасқанын атап өтті: «Бүгінгі таңда Алматы облысының инвестициялық  портфелінде 44 мың жұмыс орнын құрумен жалпы құны 5,4 трлн теңгелік 546 жоба бар. Біз ірі ұлтаралық компаниялармен де жұмыс істейміз. Бізде олармен бірлескен 9 жоба бар, оның 3-уі жүзеге асырылды. Біз балмұздақ және азық-түлік өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі «Шин-Лайн» компаниясымен ынтымақтастықты бастауға қуаныштымыз. Осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру Іле өңірі мен жалпы аймақ экономикасына оң әсерін тигізеді. Өйткені, жаңа өндіріс дегеніміз - азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты жұмыс орындары, бюджетке салық түсімдері. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетеміз.  Сондай-ақ, біз «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында логистикалық орталық ашуға көмектесе аламыз»».

Жалпы, Алматы облысында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында 373 кәсіпорын бар. Барлығы 2020 жылдың соңына таман 8% өсіммен 281,2 млрд.теңге көлемінде азық-түлік өндірілді.

«Шин-Лайн» компаниясының президенті Андрей Шин Алматы облысында жаңа өндіріс орнын құру компанияның ішкі нарықтағы барлық тауарлық санаттағы позициясын нығайтуға және «Шин-Лайн» өнімдерін және сәйкесінше қазақстандық тауарларды экспорттық нарықтарда кең көлемде ұсыну үшін плацдарм жасауға мүмкіндік беретінін айтып өтті.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанға жаңа инвестиция көздері қажет - Тоқаев

27.06.2022

Ең кедей облыс: Ұлытау көш соңында қалды

20.06.2022

Доллар арзандады, заттың бағасы неге қымбат?

02.04.2022
MalimBlocks
Қазақстанға жаңа инвестиция көздері қажет - Тоқаев

Бүгін елордада өткен «Астана» халықаралық қаржы форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасына қатысты маңызды тақырыптарды талқылады.

Ең кедей облыс: Ұлытау көш соңында қалды

Экономиканы зерттеу институты Қазақстанда бөлінетін үш облыстың инвестициялары қалай өзгеріске ұшырайтынын көрсетті. Айта кетейік, осыған дейін соңғы орында тұрған Жетісу облысына салынған инвестиция Ұлытау облысынан әлдеқайда көп болып шықты.

Доллар арзандады, заттың бағасы неге қымбат?

Дотация берілген әлеуметтік аса маңызы бар тауарлардың бағасын мемлекет арзандата алады