Жабайы сауданы заңдастырып, кәсіпкерге мүмкіндік беретін мекеме

Malim Админ

  • 17.03.2021

Шымкент қаласында көшенің сәнін кетіретін және заңсыз саудаға апарып соғатын жабайы сауда орындарын ретке келтіріп, ондағы кәсібін жолға қойсам дейтін, бизнесін енді бастағандарға қолдау көрсету үшін жаңа жобалар қолға алынып жатыр. Соның негізгісі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсететін мекеме – «Shymkent INVEST» – «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисі екені даусыз.

Бұл фронт офис арқылы жаңа бастаған кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша көмек ала алады. Соның негізгісі арнайы тағайындалған гранттар. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін арнайы құжат тапсырғандардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тағайындаған 583 400 теңге грантын ұтып алуға мүмкіндігі бар.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту елдің басты стратегиялық мақсатына айналған бүгінгі қоғамда ойға алған жоспарды орындауға ешнәрсе де кедергі емес. Мемлекет бизнесті өркендетуге, оның жолындағы кедергілерді жоюға бар күшін салуда», – дейді ұйымның жетекшісі Саят Уалиев.

Уәлиевтің айтуынша, жабайы сауданы реттеу үшін «1000 сауда нүктесі» деп аталатын жоба басталған. Арнайы бөлінген 16 ш.м. жерге дүңгіршек ашып, саудасын заңдастыра алады. Бұл өз кезегінде көшеде тұрған саудагерлердің аяққа тұрып кетуіне берілген үлкен мүмкіндік. Кәсіпкер «Shymkent» ӘКК арқылы мұндай учаскені конкурс арқылы алады. Сондай-ақ, бұл саудагерлердің ай сайынғы жалға алғаны үшін төлейтін ақшасының да қалтасында қалуына мүмкіндік бермек.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды