Шымкентте 300 отбасы баспаналы болды

Malim Админ

  • 18.03.2021

Азаматтардың хал-аһуалын жақсарту – әкімдіктердің ең басты міндеті. Тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бойынша әр қала, облыс өзінше бағдарлама жасап, жарыса жұмыс істеп келеді. Қазақстандағы ең маңызды үш қаланың бірі – Шымкент қаласы әкімдігі де тұрғындарды баспанамен қамту ісі бойынша біршама жұмыстар атқарып жатыр. Күні кеше тұрақты жұмысы бар жастардың екінші легі үйлі болды.Сатып алу құқығынсыз, бес жылға жалға берілетін пәтер бұл жолы 300 жасқа берілді.

«25-27 қаңтар аралығында жастарға арналған сатып алу құқығынсыз берілетін үйлерге өтінімдер қабылданды. «shymkent-baspana.kz» ақпараттық cайты арқылы 3 648 өтініш келіп түскен. Оның 696-сы қалалық тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсынылды. Нәтижесінде, балл жүйесі бойынша жоғары көрсеткіштегі 300 азаматты тұрғын үймен қамту туралы шешім қабылданып, тізімдері жарияланды, - дейді қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Абылайхан Балықбаев.

Пәтер алуға 3 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бірақ, көпшілігі түрлі себептерге байланысты талапқа сай болмаған. Ал, берілген 300 пәтердің 195-і бір бөлмелі, қалған 105-і екі бөлмелі пәтерлер. Және пәтерлердің қай қабатта орналасуы да арнайы жүйемен жүзеге асырылған. Мәселен, үйдің төменгі қабаттарына отбасы мүшелерінде І, ІІ топ мүгедектері бар немесе мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар, созылмалы дертпен ауыратын азаматтарға беріледі. Одан бөлек, бала саны да ескерілетін болады.

Шымкент қаласы биыл жыл соңына дейін тағы 900 пәтер алуды көздеп отырғандарын айтады. Қалалық тұрғын үй басқармасы өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, үй кезегінде 43 мыңнан астам адам тұр және олардың 4,1 пайызы жастар мен жас отбасылар.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды