Шымкент велосипедтері мініске жарап тұр

Malim Админ

  • 21.03.2021

Жалға берілетін Shymkent bike велосипедтері жуылып, клинингтік тазалаудан өтті. Әлеуметтік-инновациялық жоба – Shymkent bike-те  160 велосипедке арналған 38 тұрақ орны бар.

Бұл жобаның бір ерекшелігі «жасыл экономика»  үрдісіне сай. Күн энергиясымен жұмыс істейді. Велосипедтің жылдық жалға алу абонемент құны  10 000 теңге (айлық абонемент – 2500 теңге, 3 айлық абонемент – 6000 теңге). Ал 30 минут сайын ауыстырып отырсаңыз, онда уақытқа қатысты ақша төлемейсіз. Студенттер мен зейнеткерлерге, 3 топтағы мүгедектігі бар жандар үшін 50 пайыз жеңілдік және бар.

Shymkent Bike велосипедтері  көпшілікке көлік құралы сондай-ақ, серуендеу көлігі ретінде пайдалы болып тұр.  Қала тұрғындары велобекеттер мен велосипед санын көбірек болса дейді.

Қоғамдық велосипедтерді жалға алу жүйесі ауа райы жағдайына және жыл мезгіліне қарамастан велосипедтерді тәулік бойы пайдалануға арналған, өйткені техникалық сипаттамалары бойынша Shymkent bike автоматтандырылған велопрокат жүйесінің барлық электрондық жабдықтары -25°C-тан +60° - қа дейінгі диапазонда жұмыс істейді.