Шымкентте қиын жағдайда жүрген отбасыларға тұрғын үй салынбақ

Malim Админ

  • 10.03.2021

Шымкент қаласында жалпыұлттық қауіпсіздік пен азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсарту басты назарда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен шаһарда «Халық берекесі» жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл жоба аясында өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар үшін уақытша тұруға көпқабатты үй салынбақ. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен мәжіліс барысында айтылды.

Қиын жағдай тап болған отбасылар 3 жыл бойы тегін үйді уақытша мекен ететін болады. Ол ғана емес, осы үш жыл ішінде оларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, бүлдіршіндер бала-бақшамен қамтамасыз етілсе, мектеп жасындағы балалар қосымша курстарға жіберіледі. Одан бөлек, арнайы мамандардың қызметімен жәрдемақыларды рәсімдеу мен жұмыспен қамту шаралары да қарастырылмақ.

-Уақытша баспана тағдыр тәлкегімен өмірлік қиын жағдайға душар болған отбасылдарға пана болары сөзсіз. Бірақ, өзіміздің қазақи тәлім-тәрбие беретін шаңырақ болуы тиіс. Батысқа еліктеп ұлттық құндылығымызды жоғалтпайық. Сол себепті көпқабатты үйдің құрылысы мен қатар әлеуметтік қолдау көрсету жобасын қадағалайтын боламыз, - дейді қала әкімінің орынбасары Ерғали Дәулетбекұлы.

«Халық» қайырымдылық қорымен бірлесе жүзеге асырыайын деп жатқан жоба үшін тұрғын үйді салуға ыңғайлы жер қарастырылуда.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks