Шымкент «ақылды қалаға» айналады

Malim Админ

  • 18.03.2021

Үшінші мегаполисте цифрландыру жүйесі қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, қазір қалалық қызметтер мен сервистерге арналған Open Shymkent орталық порталы іске қосылған.Бұл жүйедегі ең соңғы жаңалық жолаушылар қоғамдық көліктің қозғалысын мобильді қосымша арқылы бақылап, қажет көліктің аялдамаға келер уақытын біле алады. Осы сияқты алда да атқаратын шаруалар жеткілікті. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Әсет ӘБДІРАХАНОВ «Шымкент келбеті» газетіне берген сұхбатында айтыпты.

Оның айтуынша, пандемия кезінде онлайн-режимге өту қажеттілігі қатты білінген. Осыған орай заман талабына сай болу – кезек күттірмес мәселеге айналған. Сол себепті, қала тұрғындары уақытын үнемдеп, кезекте тұрмау мәселесі аса маңызды. Бұдан бөлек қазір «Ақылды қала» жобасы іске асырылғалы жатыр.

«Ақылды қала» немесе Smart city – бұл, ең алдымен, ақылды шешімдер. Ал ондай шешімдер мәліметтерді жинап, талдау арқылы жасалады. Мысалы, барлық тұрғын үйге арнайы есептегіш құралдар орнатылып, көрсеткіштерді қашықтан алуға болады. Қазір ондай құрал 70 үйде бар. Біз қалада жаңа үйлер соғылғанда осындай құралдарды құрылыс барысында бірден орнатуды ұсынып отырмыз. Ал ережелерге есептегіш құралдар орнатылмайынша үйлерді қабылдап алу актісіне қол қойылмау жөнінде өзгеріс енгізіледі. Бұған қоса жоғары жылдамдықты интернетке арналған оптикалық талшық желісін орнату мүмкіндігі де қарастырылмақ. Себебі, Тұран, Shymcity шағынаудандарында соғылып жатқан үй көп, ал интернет жылдамдығы әлсіз. Бұл нормалардың барлығын тиісті министрлік қарастырып, алдағы уақытта жаңа шағынаудандар мен үйлерді соғуда осындай проблема туындамасы үшін қолға алынады. Ал соғылып қойған үйлердегі жағдайды талдап, шешімін тауып, жақсартатын боламыз», - дейді ол.

Сондай-ақ, қазір қаладағы жол қозғалысын боақылау да аса маңызды. Көлік күннен күнге көбейіп келе жатқандықтан, қауіпсіздікке жіті мән бермей болма                йды. Осыған орай, биыл қала көшелеріне 3740 бейнекамера орнатылады. Олардың 2240-ы жол қауіпсіздігіне, ал 1500 камера жалпы бейне-бақылауға арналмақ.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады