Полициядан жәбір көрген Шымкенттік журналистер митингіге шықты

Malim Админ

  • 05.04.2021

Шымкенттік бір топ журналист қолдарына плакат ұстап, қалалық полиция департаментінің алдына жиналды. Журналистердің рұқсат етілмеген наразылық акциясын тоқтатып, полиция олардың назын департамент мекемесінің ішінде тыңдаған.

«Бізді, журналистерді қорғауға арналған арнайы заң бар, алайда ол жұмыс істемейді. ҚР Қылмыстык кодексің 158 бабы бойынша, құқық бұзушылықты көріп тұрып, оны қолдануға ұмтылып көрдік. Кешегі (Алтынтөбедегі – ред.) кеттлинг процессін түсірдік. Бахром Тәлібжановтың жағдайы тағы қайталанды» - деді halyqnews инстаграм парақшасында тараған видеодағы журналист.

Cуреттер @halyqnews инстаграм парақшасынан алынды

КТК телеарнасының тілшісі Бек Әбиев те 4 сәуірде полиция қызметкерлері журналистерге Алтынтөбедегі наразылық шарасынан хабар таратуға кедергі келтіргенін айтып шағымданды.

«Осыдан бір ай бұрын әріптесім Бахром Тәлібжановты полиция қызметкерлері ұрып-соққанын білесіздер. Ол шағымданды, бір ай ішінде тергеу нәтижесі шықпақ тұрмақ, енді қазір полиция емес, көшеде жүрген бір адам ұрып-соққан болар деген болжам айтып жатыр. Бұл – цирк, меніңше. Кеше бәріміз бір түсірілімге бардық. Қолымызда микрофонымыз бар, журналист екенімізді көріп тұр.  Соған қарамастан, Абдуллаев – әріптесімнің қолын қанатып, қолындағы қолшатырын жұлып алды. Журналист Диляра Исаның телефонын тартып алмақ болды» - деді КТК арнасының тілшісі.

H-news.kz ақпараттық порталының журналисі Сапарғали Қанаттың сөзінше, полиция басқармасы журналистерге қысым көрсеткен екі полиция келіп, журналистерден кешірім сұрайды деп уәде берген.

«Полиция басқармасы журналистерді ұрған екі полицейді шақырып, кешірім сұратуы мүмкін. Солай деп уәде бергендей болды. Әзірге журналистер соны күтіп отыр» - деді Сапарғали Қанат.

Байланысты жаналықтар

Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді

22.03.2024

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды

12.03.2024

Шымкентте қару пайдаланып, бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды  

12.03.2024

Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура жазып берген

11.03.2024

Шымкентте жалған ақша жасаушылар ұсталды

06.03.2024

Шымкентте такси жолаушысынан аса ірі көлемде «синтетика» тәркіленді

05.03.2024
MalimBlocks
Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды

Жаттықтырушылар 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды.

Шымкентте қару пайдаланып, бопсалаумен айналысқан жастар ұсталды  

Ұсталғандардың жасы 20-дан 25-ке дейін.

Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура жазып берген

Осылайша мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген.

Шымкентте жалған ақша жасаушылар ұсталды

Олар 84 200 АҚШ доллары мөлшерінде жалған ақша өткізбек болған.  

Шымкентте такси жолаушысынан аса ірі көлемде «синтетика» тәркіленді

Есірткіні қалааралық такси жолаушысы Алматыдан алып келе жатқан.