ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТҰТАСТЫҚ ҚАЖЕТ

Malim Админ

  • 09.04.2021

Жазу графикасының өзгеруі  -  бүкіл қоғамның психологиялық, рухани, әлеуметтік,  прагматикалық дайындығын талап ететін  тарихи кезең. Осыған орай, ең алдымен жаңа әліпбимен жазатын қоғамның ынтасы мен қызығушылығын, талпынысын арттыратын бейімделу кезеңдері байыппен өтуі тиіс деп ойлаймын. Себебі, әліпби ауыстырудағы мақсаттың дұрыс екенін мойындайтын қоғамдық идеяның тұтастығы (консолидация) қажет. Қазақ тілінің болашағы үшін латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен қажеттілігі тәуелсіздік алғалы бері, яғни 1991 жылдан бері айтылып келеді. Соның ықпалы да болуы керек, 2017 жылы Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласында латын әліпбиіне толығымен көшетінімізді мәлімдеді. Расында да қазақ қоғамы үшін рухани құндылықтарды құрметтеу, қоғамда  қазақтың нағыз ұлттық, қазақы болмысын қалыптастыратын уақыт жетті.   Рухани жаңғыру деген ұғымның өзі де ұлттық сананың кемелденуін білдіреді де ойлаймын. Сондықтан Рухани жаңғыру идеясы қазақстандықтардың өз елінде, өз жерінде мемлекеттік тілде  ұлттық құндылықтарымен өркендеуіне еркін жол ашылады.

2017 жылы қазақ тілінің латыннегізді әліпбиі бекітілгеннен бері, жаңа әліпбимен таныстыру шаралары, жаңа емле жасау жұмыстары қарқынды жүргізілді. Емле ережелері  - жалпы халыққа арналған нормативтік құжат. Емле ережелерін дайындауда тілдік жүйедегі жазудың барлық мәселелері жарыққа шығып, оның шешімді жолдары емле ережелерінің тараушаларында айқын, нақты, дәйекті мысалдарымен көрсетілуі қажет, қабылдауға жеңіл болуы  деген ұстаным болды.  Себебі жаңа әліпбиге дағдыландыру ісінде қоғамдық консолидация (бірегейлік) болмайынша жаңа жазуға түбегейлі бағындыру да мүмкін емес деп ойлаймын.

Қазіргі қазақ қоғамы үштілді өркендеу кеңістігінде дамып келеді. Әрбір жас ұрпақ өз болашағын қазақ елінің даму ағымымен байланыстырады. Болашағы жарқын болуы үшін ана тілін де, ағылшын тілін де, орыс тілін де білуі міндетті екенін мойындай бастады. Дегенмен алғашқы тәрбиені қазақ тілінде қабылдап, қазақша жазып, қазақша сөйлеп, қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып, адасып қалмайтын болады. Сондықтан, қазақ мектептерінде 1,2-сыныптарда ағылшын тілі оқытылмай, тек қазақ тілінде сауаты ашылғаны дұрыс. Себебі, латыннегізді қазақ әліпбиі мен ағылшын алфавитіндегі бірдей таңбалар ортақ дыбысты бере алмайды. Мысалы, «Аа» әрпі қазақ тілінде барлық буында /а/ дыбысын білдіреді (Аna/ ана, Otan / отан, Dala / дала). Ал ағылшын тілінде «Аа» әрпі көп жағдайда [ә], кейде [ұзақ а ] дыбысын    білдіреді (Apple  / [әппл], Car [kaaaa]). «Uu» әрпі қазақ тілінде барлық буында / ү/ дыбысын білдіреді (Uki / үкі, Kuı / күй). Ал ағылшын тілінде «Uu» әрпі сөз басында [а], сөз ортасында [ю/у] немесе [ë] дыбысын білдіреді (Uncle / [анкл] көке, Dispute / [диспют] / диспут, Curls  /[кëрл]/  бұйра). Генеологиялық, типологиялық табиғаты жат, бірақ графикасы ұқсас қазақ тілі мен ағылшын тілін 5-6 жасар балаға қатар оқытудың өзі біріншіден, балаға психологиялық ауыртпалық тудырады, екіншіден оны үйрететін мұғалімнің де жоспар бойынша оқыту жүйесіне нұқсан келеді. Мысалдан көріп отырғанымыздай, ағылшын тіліндегі бір әріптің әртүрлі дыбысталуын қазақ тіліндегі әріп таңбаларымен шатастыру жағдайы жиі кездескен сайын, оқушыны түзетіп отыру оқуға деген ынта-жігерін, талпынысын бәсендетуі мүмкін. Сондықтан алдымен қазақ тілінде әріп танып, жазып, оқып үйренгеннен кейін, яғни қазақ тілінің әліпбиін өзге тілден ажырата білетін деңгейге жеткеннен кейін барып ағылшын тілі оқыту қажет деп есептеймін. Қоғамның бір мүшесі ретінде балаларымыз үшін елімізде латынға көшу үдерісінде бірегейлік пен тұтастық орнаса екен.

Айгүл Әмірбекова

филология ғылымдарының кандидаты

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Байланысты жаналықтар

Таңбаның тарихи негізі: У мен И

29.05.2021

Қазақ әліпбиінің тілтанымдылығы

29.05.2021

Қазақ жазуының реформасы және жаңа әліпби

30.04.2021

ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИДЕГІ «ҚЫСҚА Й» МЕН «ҰЗЫН И»

08.04.2021

Кирилше «Ң ң» деп белгіленіп келген дауыссыз дыбыс жайлы

07.04.2021

Латынға көшу – ұлттық қауіпсіздік мәселесі

11.03.2021
MalimBlocks
Таңбаның тарихи негізі: У мен И

«Жазу ережелері тақырыпты таластың мықтысы «у» мен «и»-да», -деп жазады ХХ ғасыр басындағы қазақ жазуының алғышқы теоретиктерінің бірі – Омарұлы Елдес .

Қазақ әліпбиінің тілтанымдылығы

Қазақ жазуы әлемдегі басты әліпби түрлерінің бәрімен де – араб, латын, кирил графикаларымен – жазып көрдік.

Қазақ жазуының реформасы және жаңа әліпби

Бүгін 30 сәуір күні “ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛІПБИ” атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті.

ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИДЕГІ «ҚЫСҚА Й» МЕН «ҰЗЫН И»

Кирилше «Ң ң» деп белгіленіп келген дауыссыз дыбыс жайлы

Латынға көшу – ұлттық қауіпсіздік мәселесі