Ақтөбе әкімдері қашан жол жасап үйренеді?

Malim Админ

  • 06.03.2020

Ақтөбенің жолдарына миллардтап ақша бөлінсе де жылда көктемде қармен бірге еріп кетеді. Жергілікті билік биыл да қаланың жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге 5 миллиард 300 миллион теңге жұмсаймыз деп отыр.

Ақтөбеде әр көктем сайын жағдай қайталанады. Былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен жаңа жолдардың өзі биыл жүруге жарамсыз болып қалған. Жолдардағы шұңқырдан қашамыз деп көп жүргізуші астарындағы көліктерін сындырып, тіпті  апаттық жағдайға да түсіп жатыр.

«Істеледі. Сапасы жоқ ешқандай да. Арынов көшесінің талқаны шықты. Бұдан техникамыздың бәрі құрып жатыр. Бірақ амал жоқ жүрміз. Қаншама халық салық төлеп жатыр», - дейді қала тұрғыны Иман ЕМЕНҰЛЫ.

Алайда билік биылғы қыстан шыға алмаған асфальтты жолдарды жөндеуге қазынадан тағы да қыруар қаржы бөлгендерін айтады.  Тесік шұрық көшелерді облыс пен қаланың әкімі бірге жүріп қарады. Жөндеу жұмыстарын бүгіннен бастадық деген әкімдер асфальттың жылда неге қармен бірге еріп кететінін де түсіндіріп бақты.

«Жылда көктемде неге осылай болады дегенде бұл жерде екі - үш мәселе бар. Бірінші - сапа, екінші - технологиясын сақтау, үшінші - біздің ауа райы. Өздеріңіз білесіздер өткенде қаңтарда жаңбыр болды. Ақпан айында екі күн жаңбыр болды. Олардың барлығы да жол жамылғыларын істен шығаруға көптен көп әсерін тигізеді», - дейді Ақтөбе қаласының әкімі Мавр АБДУЛЛИН.

Сонымен, қаладағы тас жолдарды жөндеу мен қайта салу жұмыстарына былтыр жергілікті бюджеттен төрт миллиардтан астам қаржы бөлінсе, биыл билік бес миллиард үш жүз миллион теңге жұмсамақ екен. Алайда ақтөбеліктер жолды жөндеуге жыл сайын миллиардтап ақша шашатын шенеуніктер мен жол төсейтін мердігер компаниялардың тым болмағанда халық алдында ұяты мен жауапкершілігі болса дейді.

Фото автодікі.

Жанаргүл ҒАФУҚЫЗЫ

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды