Байбек жақсы оқыған Мамайды сотқа бермек

Malim Админ

  • 20.04.2021

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕК оппозициялық белсенді Жанболат МАМАЙДЫ сотқа беретінін айтты. Ол бұл туралы блогер Тәңірберген Бердіоңғаровқа берген сұхбатында мәлімдеді.

Тікелей эфирде Бауыржан Байбек Алматы әкімі кезінде қабылданған шешімдер туралы айтып, оппозициялық белсенді Жанболат Мамайдың айыптауларына жауап берді.

Ол Жанболат Мамай қолданған ақпараттың дереккөзі жалған телеграм-арна екенін айтып, барлық айыптауын жоққа шығарды.

«30 жастан асқан Жанболат Мамай, білуімше, жақсы оқыды, дәлелсіз ақпаратын журналистік зерттеу дейді. Кез келген докторлық диссертацияда сілтеме болады, бірақ онда бір дереккөз бар – UZUN Qulaq жалған телеграм-арнасы. Егер оның мазмұнын талдайтын болсақ, бұл Конституцияға қарсы іс-әрекет, әлеуметтік алауыздықты қоздыру, қоғамда хаос орнату», – деді ол.

Блогердің «Бауыржан Байбек Мамайдың көптеген дәлелсіз айыптауынан кейін оны сотқа бере ме?» деген сұрағына партия Төрағасының бірінші орынбасары былай жауап берді:

«Елбасы әрдайым айтатын, «егер арың таза болса, оған сенімді болсаң, әділ сотта ар-намысыңды  қорға» деп. Біз демократиялық мемлекет құрып жатырмыз. Бірақ демократия анархия емес, заңсыздық емес. Бұл – заңның үстемдігі. Әр адамның өз атын, абыройын қорғауға конституциялық құқығы бар. 2015 жылы Елбасы бес институционалдық реформаға бастама болды, институттар туралы айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл идеяны дамытып, халық үніне құлақ асатын мемлекеттің тұжырымдамасын жасады. Еститін мемлекет – бұл жай ғана есту емес, сонымен қатар жауап беру. Мен мемлекеттік қызметкер емеспін, шын мәнінде мен оны істеуге (жауап беруге – ред.) міндетті емеспін. Бірақ біріншіден, мен Конституцияны құрметтейтін Қазақстан Республикасының азаматымын және адам, тұлға ретінде менің атым мен үшін қымбат. Бұл басылымды менің анам, жақындарым оқиды. Сондықтан менің басқа амалым болған жоқ, не істегім келетінін қалайша БАҚ арқылы айтпаймын. Бірақ партия мүшесі ретінде, Жарғысы, Этика кодексі бар Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ретінде айтқым келеді. Партияның Жарғысы мен Этика кодексіне сәйкес, мен бүгін ресми түрде оны (Жанболат Мамайды – ред.) азаматтық және әкімшілік іс жүргізу өндірісі аясында сотқа беремін. Менің ойымша, мұндай жағдайға мүлдем көз жұма қарауға болмайды. Мүмкін сол арқылы прецедент жасаймын. Менде жасыратын ештеңе жоқ», – деді Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Сонымен бірге ол әр адам, оның ішінде Жанболат Мамай да демократияның жауапкершілік екенін түсінуі керек екенін айтты.

Оның пікірінше, кез келген мемлекетте адамды жазасыз кінәлауға болмайды.

«Бұл тек маған қатысты, жеке тұлға ретінде жабылған жала. Ал саясатта не болып жатыр? Тұжырымдар абсолютті бұрмаланады, экономикалық қызығушылық оятады, ешқандай жауапкершілік жоқ. Өтірік тираданың айтылатынына сенімдімін, бірақ мен дайынмын», – деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, Тәңірберген Бердіоңғаровқа берген сұхбатында Бауыржан Байбек Алматыдағы басты даңғыл атауының Назарбаев деп өзгертілу себебін де айтты.

Байланысты жаналықтар

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Мақтау жарысының жеңімпаздары неге үнсіз?!

20.01.2022

Мамай Байбек туралы кезекті фильмін шығарды

04.06.2021

Миллиардтардың дауы: Трамплин қарызын кім қайтарады?

20.05.2021

Алматыда жер дауы басылмай тұр

05.03.2021

Байбек берген жерден тағы да дау шықты

19.02.2021
MalimBlocks
Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Мақтау жарысының жеңімпаздары неге үнсіз?!

Елге кітаптары мен мақалаларында жазылған «даналық сөздерін» айтпай ма?!  Жоқ, әлде  Мырзатай айтпақшы, «Баянды бақыт уақытының» келмеске кеткеніне  өкініп жатыр ма?! 

Мамай Байбек туралы кезекті фильмін шығарды

Миллиардтардың дауы: Трамплин қарызын кім қайтарады?

Алматыда жер дауы басылмай тұр

Байбек берген жерден тағы да дау шықты