Экс-депутаттар пара беріп, кек алуға көшкен бе?

Malim Админ

  • 21.04.2021

Ақтөбе облыстық мәслихатының экс-депутаты Бақытжан Ержанов кезекті рет жемқорлық дауына ілікті.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған сотында облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкеріне қатысты сот процесі басталды. Сотталушыға «алаяқтық» және « пара беруге итермелеу» баптары бойынша айып тағылған. Айыптаушы актісінде оның «КазПромСтройГрупп» ЖШС кәсіпорнына 700 миллион теңге салық төлеуден жалтаруға көмектеспек болғандығы жөнінде айтылған. Ол осы мақсатта кәсіпорын инженері (басшысы- ред) Бақытжан Ержановтан 60 миллион теңге пара алған. Бірақ келісім орындалмаған. Осыдан кейін Ержанов антикор қызметкерінің үстінен арыз жазып, бір сәтте пара берушіден, жәбірленушіге айналған. Бірақ сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартқан. Ол 2017 жылы Ержановтың алаяқтық ісін қараған тергеуші топтың құрамында болғанын алға тартып, экс-депутат сол үшін кек алуда деп есептейді.

Бақытжан Ержанов 2017 жылы «алаяқтық», «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «билік өкіліне күш қолдану» баптары бойынша 3 жыл 9 айға шартты түрде сотталған. Оған сот шешімі бойынша 3 жылға мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынған.

Ержанов 2015 жылы "Гүлсім" шаруа қожалығының иесі бола тұра, өзінің "Жантизер" шаруа қожалығына иелік ететін әйелінен 51,7 миллион теңгеге 160 бас асыл тұқымды мал сатып алған. Осыдан кейін 25 миллион теңгеге субсидия алып, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасына сатып алған малды өзі өсіргені туралы жалған құжат көрсеткен.

2016 жылы дәл осындай жолмен «КазПромСтройГрупп» ЖШС «Жантизер» шаруа қожалығымен 3000 бас малға арналған бордақылау алаңын салуға келісім жасасқан. Құрылыс құны 209,79 миллион теңге болған. Бұл да мемлекет есебінен қаржыландырылған. Жалған құжаттар арқылы «КазПромСтройГрупп» ЖШС мемлекеттен 100 миллион теңге алған. Құжаттарды тапсыру кезінде бордақылау алаңы тек қағазда ғана болған. Осыдан кейін прокуратура «КазПромСтройГрупп» ЖШС-ны тексерген. Бақытжан Ержанов Хромтау ауданының прокуроры Жәнібек Еспановқа звондап, қоқан-лоқы көрсеткен. Бұдан бөлек, жалақысын өсіруді сұраған қарамағындағы қызметкерді соққыға жығып, бес бірдей қабырғасын сындырған.

Экс-депутат сот барысында кінәсін мойындап, мемлекетке келтірген шығындарын өтеген. Ал прокурор мен соққыға жығылған қызметкер кешірім берген.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

23.08.2023

Ақтөбе шенеуніктері параны қарызға алатын болған ба?

20.04.2021

Жаңаөзен мұнайшылары ереуілге шықты

20.04.2021

Әкім Оразалин көпбалалы анаға жалған сертификат берген

16.03.2021

Тағы бір депутат «Nur Otan» партиясынан шығарылды

08.12.2020

Президент тапсырмасымен Ақтөбедегі Үсеновтер отбасының баспана мәселесі оң шешімін тапты

02.12.2020
MalimBlocks
Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 104 млн теңгеге «Елбасы медалін» шығармақ.

Ақтөбе шенеуніктері параны қарызға алатын болған ба?

Жаңаөзен мұнайшылары ереуілге шықты

Әкім Оразалин көпбалалы анаға жалған сертификат берген

Тағы бір депутат «Nur Otan» партиясынан шығарылды

Президент тапсырмасымен Ақтөбедегі Үсеновтер отбасының баспана мәселесі оң шешімін тапты