"Шымкент сити" жобасы: Әр ауданның өз мектебі, өз саябағы, өз ауруханасы болуы керек

Malim Админ

  • 02.04.2021

Аумағының 70-80 пайызы жер үйден тұратын Шымкенттің келбеті алдағы уақытта заманауи қаладай өзгермек. Инвестиция штабының кезекті отырысын бір сөзбен осылай түйіндеуге болады. Мәселен, жеке инвесторлар қаланың үш ауданында  «Шымкент сити» жобасымен жаңа үлкен шағын аудан салмақ екен. Жаңа ауданның қандай болмағын әкім Мұрат Әйтенов әзірден талап етіп, айтып отыр.
«Қаланың даму жолы аясында, әр ауданның өз орталығы, өз саябағы, өз емханалары, өз мектептері болуы қажет. Сондықтан болашақта әр ауданнан «Шымкент сити» секілді үлкен жаңа, заманауи шағын аудандар саламыз. Жаңа құрылысқа инвесторларды тарту жұмыстарына аудан әкімдері де атсалысуы керек. Халық орталыққа қарай емес, қажеттісін өз ауданынан шықпай-ақ таба білуі тиіс»,- депті қала басшысы.

Шаһар басшысы құрылыстың қарқынды жүретініне сенімді. Өйткені, оның сөзінше Шымкент бүгінде инвестицияға өте қолайлы қала. Экономикалық аймақ пен бірнеше индустриалды аймақ құрылған. Жақында жаңадан  «Жұлдыз» индустриалды аймағы ашылып, құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі шоғырланбақ. Елуден астам кәсіпорын құрылмақ. Сондай-ақ, «бір терезе» қағидатымен кедендік салықтық режимі, тегін жер телімі, мемлекеттік қолдау және дайын инфрақұрылым жұмыстары бюрократиясыз құжатталмақ. Айтпақшы, АГРС-3 автоматтандырылған газ станциясы пайдалануға толық берілгенде кәсіпкерлік саласы100 пайыз сапалы көгілдір отынмен, ал, «Бозарық» қосалқы станциясы қосылғанда электр қуатына толық қол жеткізеді екен.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады