Облыс әкіміне стреске шыдайтын көмекші керек

Олжас Қасым

  • 21.04.2021

Қостанай облысы әкімдігінде кеше ғана бос ваканция пайда болды. Өңір басшысы Архимед МҰХАМБЕТОВКЕ көмекші керек боп жатыр екен. Бірақ бұл орынға кез-келген адам қонжия қала алмайды. Әкімге көмекші болу үшін қойылған талаптар оңай емес.

Облыс әкімінің аппараты кеше ресми сайттарында әкімге көмекші керек екендігін жариялаған. Сонымен Архимед БЕГЕЖАНҰЛЫНА жауапкершілігі зор, адал, дер кезінде шешім қабылдай алатын көшбасшылық қасиеті бар көмекші керек екен. Ең бастысы стресске шыдауы тиіс.

Бұдан өзге көмекші болудан үмітті жанда бастамашылдық, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару сынды қасиеттер болу керек екен. Алайда, біз түкте түсінбедік. Әдеттегідей орыс тілінен аударылған түсініксіз мәтін екені анық. Жә, әкімдіктегілердің қатесін тізіп нағыламыз. Бұндайға етіміз үйренгелі қашан.

Мұхамбетовтің көмекшісінің мамандығы Құқық (білім саласы) және Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы) болуы керек. Ең қызығы ғылыми дәреже де қажет. Егер елімізде Архимет Мұхамбетов сынды барлық әкім ғылыми дәрежесі бар көмекші іздесе, аз айлыққа мехнатты жұмыс атқарып жатқан ғалымдарымыз шенділердің папкасын арқалау таласқа түсе ме деп қорқасың.

Көмекшінің функцианалды міндетіне келгенде  бастапқы ойыңыздан қайтасыз. Себебі бұқараға әкімнің көмекшісі деген папка көтеруші, мәртебелі иыққа шапанын жауып, автомашинасының есігін ашып беретін елгезек жан елестейді. Біздің ой тым шолақ екен. Әкімге көмекші болу тіпті КНБ қызметкері болудан кем емес екен.

«Мемлекеттік қызметкерлер қатарынан құпия сақтаушылардың шет ел азаматтарымен рұқсат етілмеген байланыстарын анықтау, оның мәнін айқындау, қажеттілік болған жағдайда оларға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізу. Облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларының, әсіресе құпия сақтаушылардың, түрлі арналар арқылы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге рұқсатсыз кету фактілерін анықтау. Облыс әкімі аппараты қызметкерлерімен құпиялылық режим талаптарын сақтау бойынша ескерту-профилактикалық жұмыстарын жүргізу. Өңіраралық және мемлекетаралық деңгейлерде түрлі арналар арқылы облыс әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелеріне келетін шетел делегациялары мен жекеленген шетелдіктерді қабылдауды ұйымдастыруға қатысу», - делінген Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайтында.

Айтпақшы, мемлекеттік қызметте өтілім де керек. Осындай зор талаптардан өтіп көмекші болсаңыз айлығыңыз 141 576 – 191 482 теңге аралығында болады.