Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды

Malim Админ

  • 23.04.2021

Қазақ боксшысы Санжар ТӘШКЕНБАЙ жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.

Польшаның шаршы алаңында қазақ спортшысы ресейлік Роберт БАДАЛЯНДЫ жеңіп кетті. Ресейлік боксшысы еуропа чемпионы. Қазақстан ұлттық құрамасынан Санжардан бөлек тағы да үш боксшымыз финалға шықты. Осылайша 49 келі салмақта 17 жастағы боксшымыз әлем біріншілігінің алғашқы алтынын қоржынымызға салды.

Өкінішке қарай 56 келі салмақта финалға шыққан боксшымыз Ерболат САБЫР Үндістандық  Сачиннен жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Фото: inbusiness.kz