Алматыда атыс жасаған адамның кім екені белгілі болды

  • 25.04.2021
  • Malim Админ

Алматыдағы атыс жасап, 17 қабаттан секіріп көз жұмған адамның кім екені белгілі болды.

Әлеуметтік желіде 24 сәуірде Алматыдағы «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде күзетшіні жаралап, кейіннен 17 қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған адамның 1968 жылғы Ресей азаматы Исаев Руслан Абуұлы екені жөнінде ақпарт тарады. Желідегі құжатта Исаевтың Қазақстанға жұмыс визасымен 2020 жылы 13 қарашада келгені жөнінде және «ұрыс алаңынан келгендер тіркеуінде тұрғандығы» жөнінде айтылған.

Кеше Алматы қаласы полиция департаменті басшысының тергеу істері жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Бұқар Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінде оқ атқан адаммен полиция алты сағат келіссөз жүргізгенін, оның ешқандай талап қоймағанын мәлімдеген.

«Келіссөз алты сағатқа созылды. Ер адам есікке қарай отыз рет оқ атты», - деген Абдрахманов.

24 сәуірде «Бұқар Жырау Тауэрс» кешенінің ауласында аңшылық мылтықпен қаруланған ер адам күзетшінің аяғынан атып жаралап, кейіннен 17 қабаттағы пәтеріне қамалып алған. Ол полиция талабына көнбей, оларға қарата оқ жаудырған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек арнайы операция кезінде полицияның қару қолданбағанын, тек газ және шу шығаратын граната қолданғанын мәлімдеген. Күдікті азамат сәуірдің 24-інен 25-іне қараған түні сағат 22-00 шамасында терезедан секіріп, оқиға орнында көз жұмған.

Байланысты жаналықтар

Шымкентте «жасыл қала» акциясы өтті

01.05.2021

Ұзынағашта оңалту орталығы ашылды

15.12.2020

«Дені сау қызым перзнетханада қайтыс болды»

05.02.2020

Біз ешқашан 42500 теңге жетеді деп айтпадық

14.07.2020

22 жасында Мәдениет министрінің бірінші орынбасары болды

03.09.2020

«Қарасора» операциясы қалай өтіп жатыр?

19.08.2020