Бекшин локдаун туралы сұраққа жауап берді

Алматыда мамыр айының соңына дейін эпидемиологиялық ахуал жақсаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Malim Админ

  • 27.04.2021

Алматыда мамыр айының соңына дейін эпидемиологиялық ахуал жақсаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Қазіргі таңда қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сол себепті шектеу шараларын әзірге жұмсартпадық. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 689 адам тіркелді. Аурушаңдық жалғасуда, бұл біздің үшінші жағымсыз болжамымызға сәйкес келеді. Жағымсыз болжамға сәйкес, 14883 жағдай көзделген еді, қазір ай басталғалы 13600 оқиға тіркелді. Болжамға толық сәйкес келіп тұр" - деді Бекшин. 

Бас санитар дәрігер қаладағы эпидемиологиялық ахуал мамыр айының ортасы немесе аяғына қарай жеңілдейді деп болжады.

"Қазір симптомы бар науқастардың көбеюі байқалды. Биыл қаңтарда олардың үлесі 73 % болса, сәуір айында 90 %-ға дейін артты.Бұл аурудың агрессивті қоздырғышының болуын, мутацияға ұшыраған штамдардың таралуын растайды. Штамнан жастар мен бір жасқа дейінгі нәрестелер зардап шегіп жатыр. Бұдан бөлек қазіргі таңда ең көп ауыратындар 20-39 жас аралығындағы азаматтар, олардың үлесі – 36%.

Ұзақмерзімді болжамға сәйкес, сәуір-мамыр аралығында аурушаңдық артады деген болатынбыз. Бірақ қазір барлық өңірлерде белсенді вакцинация басталды. Сондықтан мамыр айының ортасы немесе соңына қарай аурушаңдық төмендеуі керек. Қаладағы жағдайды локдаунға жеткізбейміз" - деді ол.

Бас санитар дәрігер жағдай локдаунға жетпес үшін тұрғындарды белсенді түрді екпе салдырып, мереке күндері адам көп жиналатын жерлерге бармауға шақырды.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks