Қазақ жерінің 1,3 пайызы 40 миллиардқа сатылып кеткен

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында ауыл шаруашылығы жерлері ешкімге сатылмай мемлекеттің меншігінде болуы қажеттігін айтты.

Malim Админ

  • 24.04.2021

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында ауыл шаруашылығы жерлері ешкімге сатылмай мемлекеттің меншігінде болуы қажеттігін айтты.

«Комиссияның бірінші отырысында айтқан сөзімді қайталаймын, ауылшарушылығы мақсатындағы жерлер ешкімге сатылмай мемлекеттің меншігінде болуы керек! Біріншіден, бұл аграрлық саланың дамуына елеулі кедергі емес. Қазір, шаруашылықтар ауылшаруашылығы жерлерін 49 жылға дейін жалға алып отыр. Егер жерпайдаланушы тиімді жұмыс істейтін болса, сол жерді келесі мерзімге жалға алуға мүмкіндігі бар. Яғни бұл шарт көптеген шаруашылықтарға тиімді деуге болады. Осы сөздің дәләлі ретінде айтарым, 2003 жылдан 2016 жылға дейін ауылшаруашылығы мақсатында жерлерді меншікке беруге руқсат етілген 13 жылда жеке меншікке сол жерлердің тек 1,3 % сатып алынған. Яғни ауылшаруашылығы жерлердің 99 % жалда қалып отыр», - деді Күрішбаев.

Күрішбаевтың сөзінше,  жерді сатудан 13 жылда қазынаға 40 миллиард теңге қаржы түсіпті. Ол бұл қоғам дүрлігетіндей қаржы емес деп есептейді.

"Ал ауылшаруашылығы жерлерін сатудан түскен инвестицияға келетін болсақ, жоғарыда айтқан 13 жылда Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеу институтының мәліметі бойынша, сол жерлерді сатудан қазынаға 40 миллиард теңгеге жуық қаражат түсіпті. Менің ойымша бұл қоғамды соншалықты дүрліктіретін қаржы емес", - дейді сенатор.

 

 

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі теракт: Тергеу комитеті "террористердің Украинамен байланысы барына айғақ табылғанын" айтты

29.03.2024

Елшілік Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды

29.03.2024

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

28.03.2024

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

28.03.2024

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

28.03.2024

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

28.03.2024
MalimBlocks
Ресейдегі теракт: Тергеу комитеті "террористердің Украинамен байланысы барына айғақ табылғанын" айтты

Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" ғимаратында теракт жасағандардың "Украиналық ұлтшылдармен байланысы барына айғақ табылды" деген мәлімдеме жасады. Олар мұндай ақпаратты лаңкестікке қатысы бар тағы бір күдіктіні ұстағаннан кейін таратқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Елшілік Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың өзгеруіне және ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстан азаматтарына аталған аймақтардан кетуін ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

Бұл туралы Тоқаевтың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі «Крокус Сити Холлға» жасалған шабуылда және одан кейін қаза тапқандардың тізімін жаңартты. 27-наурыз түнде таратылған мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны 143 адам болған.

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына барды, деп хабарлайды Malim.kz.