Әкімдік алдында өзімізді өртеп жібермек болдық

Олжас Қасым

  • 30.04.2021

Кеше түнде Шымкенте көпбалалы аналар қалалық әкімдік ғимаратының алдында түнеп шықты. Олар әр қайсымызды бір-бір полиция күзетті. Сондықтан да қорықпадық. Тек әжетхана іздеп әуре болғандарын айтады.

«Он әйел әкімдік алдына түнеуге бардық. Түнімен сонда бала-шағамызбен жаттық. Әкімдіктен ешкім шықпады. Мен өзім үшінші топтағы мүдедекпін. Балам бірінші топтағы мүгедек. Төрт баланы жалғыз бағып отырмын. 2015 жылдан бері пәтер кезегіндемін. Кезек жылжымайды. Бізден кейін кезекте тұрғандар баспаналы болып кетті», -  дейді Мalim.kz сайтының тілшісіне Нағима ӨТЕНОВА.

Қазір Шымкентте пәтер кезегінде 44 мыңға жуық адам тұр. Ресми дерек бойынша ай сайын 932 адам кезекке тұрып жатыр екен. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есеге көбейген.

«Өзімізді өртеп жібермек те болдық. Бір әйелде бензин болды. Полиция ұстап алып кетті оны. Бізге заңсыз үй сұрап жатырсыңдар дейді. Тым болмаса уақытша пәтер беріңдер дедік. Әкімдіктің балансында тұрған пәтерлер бар. Оны өздері жалға беріп қойған», - дейді Нағима Өтегенова.

Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша көпбалалы аналармен әкім орынбасары кездескен. Ерғали БІЛІСБЕКОВ әр тұрғынның мәселесін тыңдап, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетіндігін және азаматтардың жекеленген өзекті сауалдарына қатысты заң аясында шешу жолдарын түсіндірген.

«Кезекте тұрған әр азаматқа өз кезегі бойынша пәтер үлестіріледі. Тұрғын үй кезегі автоматтандырылған. Бұл орайда сіздер тұрғын үй кезектеріңізді тәулік бойы кез келген уақытта e-gov электрондық порталы арқылы үнемі бақылап отыра аласыздар»,-деген екен Ерғали ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ.

Жергілікті билік өкілдері шаһарда баспана мәселесінің барын жоққа шығармайды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес  тұрғын үй құрылысын 1 млн шаршы метрге жеткізу көзделген. Сонымен қатар, биыл 976 отбасын арендалық пәтермен қамту жоспарланған. Жыл соңына дейін кезекте тұрған азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету үшін 1 580 пәтер сатып алмақшы. Сондай-ақ жыл басынан бері «5-20-25», «5-10-20» Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 256 азамат баспаналы болыпты. Ал, «7-20-25» бағдарламасымен биыл екінші деңгейлі банктер тарапынан 613 азамат  несиелендіріліп, тұрғын үймен қамтылды.

Байланысты жаналықтар

Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

20.03.2024

Жоғалған 3 жасар қыз әлі табылмады 

20.03.2024

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

19.03.2024

Түркістанда құдыққа құлаған қыз ес-түссіз күйінде шығарылды

18.03.2024

Енді тәртіп бұзған қазақстандықтардың кешірім сұраған видеосы түсірілмейді

18.03.2024

Полицейлер қыз зорлады 

20.11.2023
MalimBlocks
Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде экс-министрден жауап алынғаны айтылған.

Жоғалған 3 жасар қыз әлі табылмады 

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды

Түркістанда құдыққа құлаған қыз ес-түссіз күйінде шығарылды

Енді тәртіп бұзған қазақстандықтардың кешірім сұраған видеосы түсірілмейді

Оның орнына қоғамдық жұмыстарды қалай орындап жатқаны көрсетіледі. 

Полицейлер қыз зорлады 

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен екі полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz сайты Тіл кеспек жоқ телеграм-арнасына сілтеме жасап.