Тамызда жаңа мектеп ашылады

  • 08.04.2021

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов Тұран шағын ауданында мемлекет қаржысына салынып жатқан мектеп құрылысымен танысты. 1200 оқушыға арналған мектептің құрылысы алдағы тамыз айында аяқталып, қыркүйекте оқушыларға есігін айқара ашуы тиіс. Жаңа мектеп қаладағы білім беру бағдарламаларын жетілдіріп, оқушының сапалы білім алуына септігін тигізіп, қалада мектептеріндегі оқушы жүктемесін оңтайландыруға себеп болмақ.    

Құрылыстың сапалы әрі мерзімінде аяқталуына бақылау күшейткен қала әкімі оқушы мен ата-анаға ыңғайлы ахуалға да тоқталып өтті.

Әкімнің айтуынша, шағын аудандағы бұл жаңа мектептен қоғамдық көліктердің жолы айналып өтпеу керек. Яғни, жолаушы тасыйтын автобустардың мектеп қасында аялдамасы болуы шарт. Бұл оқушы қауіпсіздігі мен қарым-қатынасына тиімді.

Сондай-ақ, қала әкімі жаңа мектепте сабақ беретін ұстаздардың білімі мен біліктілігіне де назар аударды. «Қазірден бастап мұғалімдерді байқау арқылы қабылдауды ұйымдастырып, оған дайындалу керек»,-деді М.Әйтенов.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks