"Мазақ еткендері жетеді": Аналар Тоқаевқа үндеу жасады

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 05.05.2021

Талдықорғанда 10 жылдан бері пәтер кезегінде тұрған аналар ай мен күннің аманында тізімнен аттарын таппай қалды.

Сәуірдің 5-і күні Талдықорған әкімдігінің тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімінде пәтер кезегінде тұрған көпбалалы аналар тізім ретінің ауысып кеткеніне қарсы шығып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Аналардың кейбірі 10 жылдан бері үй кезегінде тұрғанына қарамастан, бүгін тізімнен атын таппай қалғанына қапалы. Ал тізімде барларының өзі кезегі алдыға жылжығанның орнына, керсінше кері кетіп бара жатқанын айтады.

Наразылық кезінде аналардың бірінің денсаулығы нашарлап, жедел жәрдем шақырылды.

Алты баласы бар көпбалалы ана Айман Мырзақұлованың сөзінше, аналар тұрғын үй кезегіндегі былыққа байланысты прокуратураға, антикорға, қоғамдық ұйымдарға сан мәрте арыз жазан. Бірақ олардың ешқайсынан көмек болмаған.

«Біз прокуратураға, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сан рет арыз жаздық. Бірақ олардың ешқайсысы бұған әсер ете алмады. Сол себепті біз Тоқаевқа үндеу жасаймыз. Үй беру процедурасы ашық болуы керек. Біз тұрғын үй комиссиясының отырысы онлай режимде көрсетілуін талап етеміз. Бізді және халықты мазақ еткендері жетеді...», - дейді Мырзақұлова.

Талдықорған тұрғын үй шаруашлығы жақында мемлекеттік тұрғын үй қорына бірыңға электорнды кезек жүйесі енгізгенін, сол себепті тізімде өзгерістер болғанын хабарлаған. Бірақ Талдықорғанда тұрғын үй кезегіне байланысты дау бұған дейін бірнеше рет шыққан.

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

22.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда адамдарды азаптаған 4 экс-полицей сотталды

18.03.2024
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі терактқа қатысты пікір білдірді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда адамдарды азаптаған 4 экс-полицей сотталды

Олардың тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді.