Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

Malim Админ

  • 06.05.2021

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 14 маусымға дейін ұзартты. Біртанов бұрынғыдай үйінен таңғы сегізден кешкі жетіге дейін шыға алады.

Бүгін сотта сөйлеген Біртанов бюджет қаржысын жымқыруға қатысы жоғын айтты. Ол тергеу-жедел тобының бұлтартпау шарасын ұзарту жөніндегі өтініште тізген фактілермен келіспейтінін, ешқандай заңбұзушылық жасамағанын жеткізді.

"Өтініште мен күдікті ретінде тартылған бюджет қаржысын жымқыруды дегенді растайтын ешқандай негіз жоқ. Сондықтан  жымқыру фактісі де жоқ. Денсаулық сақтау министрі қызметінде жүргенде осы және басқа да жемқорлық істерге қатысым болмағанын мәлімдеймін", - деді экс-министр.

Елжан Біртанов өзі күдікті ретінде өтіп жатқан іске тоқталды. Экс-министр істің қозғалуына себеп болған ақпараттық платформа жұмыс істейтінін, өзі пайдаланғанын айтып, оны растайтын скриндерді іске қосуды сұрады.

Экс-министр бұлтартпау шарасын ұзарту жөніндегі тергеуші өтінішінде "қисынға келмейтін" тұстарға да назар аударды. Өтініште Біртанов 2019 жылдың 18 қаңтарында премьер-министрді, ал 2020 жылдың 16 қаңтарында үкімет жетекшісінің орынбасарын адастырды делінген.

"Материалдарда бұл жоба бойынша премьер-министр мен оның орынбасарына адастыратын ақпарат бердім делінген, олардың осыны растайтын жауаптары бар екеніне көзімді жеткізгім келеді. Олардың жауаптары бар екеніне күмән келтіремін. Сондықтан тергеу қисынсыз қорытынды жасады деп білемін", - деді ол.

Бұлтартпау шарасын қараған сот Біртановтың үйқамақ мерзімін 14 маусымға дейін созды.

25 маусым күні Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Елжан Біртановты қызметінен босатып, орнына Алексей ЦОЙДЫ тағайындаған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілде күнгі мәлімдемесінде коронавирустың өршуін денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығының жіберген қателіктерімен байланыстырып, сол қателіктерді тексеруге комиссия құруды тапсырған болатын.

2 тамызда  Біртановтың бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің «бюджет қаржысын жымқырды» деген күдікпен  ұсталғаны хабарланды. Ал 14 тамызда дәрі-дәрмек сатылымына жауап беретін «СК-Фармация» компаниясының экс-басшысы Берік Шәріп қамауға алынған. Ол төтенше жағдай кезінде медициналық бұйымдарды сатып алғанда қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Біртанов 2020 жылдың күзінде ұсталған болатын. 

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

08.04.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Экс-министр Біртановтың соты тағы шегерілді

06.01.2023

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

27.09.2022

Біртановтың үйқамақ мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

12.11.2021
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Экс-министр Біртановтың соты тағы шегерілді

ZOOM платформасында өткен сот отырысы ұзаққа созылмады

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Біртановтың үйқамақ мерзімі келесі жылға дейін ұзартылды

Экс-министр бір жылдан астам уақыт үйқамақта отыр.