Путин Сталиннің қылмысын жасырмақ па?

Елнұр Бақытқызы

  • 07.05.2021

Ресейдің мемлекеттік думасы Екінші дүниежүзілік соғыста Совет Одағы мен нацистік Германияның әрекетін бірдей деп санауға тыйым салатын заң жобасын ұсынды. Заң жобасы сондай-ақ "Совет халқының  нацистік Германияны талқандауда шешуші рөл ойнағанын жоққа шығаруға" тыйым салады. Алайда Батыста соғыс кезіндегі Қызыл әскердің жауыздығы мен адам азаптауы жайлы жазылған еңбектер көп. Еуропарламент қабылдаған қарарда сталинизм қылмысына құқықтық, тарихи баға берілуі керектігі айтылады.

Путин бастамашы болған заң жобасы

"Совет халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңісін мәңгі есте қалдыру" атты заң жобасын думаға Путин басқаратын "Единая Россия" партиясының депутаттары 5 мамырада ұсынған. Бұл заң 1995 жылы қабылданып, кейін толықтырулар мен өзгерістер енгізілген. Бұл заңға бертінде өзгертулер енгізуге Ресей президенті Путиннің өзі бастамашы болды, былтыр күзде президент жанындағы өнер мен мәдениет кеңесінің отырысында Путин заңды өзгерту мәселесін көтеріп, тапсырма берген.

Путин бұған дейін тарихты қорғаудың заңнамалық негіздері жасалуы керектігін ескертті. Путиннің айтуынша, тарихты қайта жазып, соғыс туралы тарихи ақиқатты жоққа шығару, бұрмалау әрекеттері жасалып жатыр. 

Осылайша "Единая Россия" партиясының депутаттары Елена Ямпольская, Александр Жуков мен Александр Пушков заң жобасын Дума қарауына ұсынды. Заң жобасына түсіндірмеде "соңғы кездері ақпарат құралдарында, өкінішке қарай, Ресей ақпарат құралдарында да СССР жетекшілігі, қолбасшылары мен әскери қызметкерлерін қорлайтын, олардың соғыс кезіндегі әрекеті, мақсаты мен шешімдерін нацистік Германияның әрекетімен теңестіретін, бірдей деп санайтын негізсіз мәлімдемелерін таралып жатыр.  Отан еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күресте жанын берген қорғаушылар мен халықты жоймақ болған басқыншы жауынгерлер және халықаралық әскери трибунал сотының үкіміне сәйкес кінәлі деп танылған басты әскери қылмыскерлердің әрекетін теңестіру, бірдей етіп көрсету дұрыс емес деп санаймыз", - делінген.

Заң жобасына сәйкес, жария мәлімдеме мен ақпарат құралдарында, интернет желісінде СССР жауынгерлері мен қолбасшылардың әрекетін нацистік Германияның әрекетімен тең, бірдей етіп көрсетуге, сондай-ақ Совет халқының нацистік германияны соғыста талқандаудағы шешуші рөлін жоққа шығаруға тыйым салынады.

Әзірге заң жобасы мақұлданса,  оның баптарын бұзған адам қалай жазаланатыны белгісіз. Дума депутаттары бұл бойынша бөлек құжат жасалатынын мәлімдеді.

"Единая Россия" депутаты Елена Ямпольская заң жобасын әзірлеуге американдық блогердің орыс тіліне аударылып, Ресейде басылған кітабы себеп болғанын жеткізді. Оның айтуынша, осы кітаптағы "поляктар зорлау, адам өлтіру сияқты азапты көп көрді. Бұл қылмысты әуелі нацистер, артынша совет жауынгерлері жасады" деген тұстар оның "шыдамының шегіне жеткен".

Ямпольская бұл кітаптың атын атап, түсін түстемесе де, "Коммерсант" басылымы бұл Марк Мэнсонның кітабы деп топшылаған. Бұл кітапта поляк халқы соғыс жылдары аштық, холокост, азаптау, жақындарын зорлау мен өлтіруді көргені, бұл қылмысты алдымен нацистер, кейін бірнеше жылдан соң совет жауынгерлері жасағаны жазылған.

Тарихи деректердегі Совет жауынгерлерінің қылмысы

Екінші дүниежүзілік соғыста нацистік Германияның ғана емес, совет жауынгерлерінің қылмысын әшкерелейтін тарихи кітаптар мен ғылыми еңбектер көп. Мысалы, зерттеушілер Марек Тушинский мен Дейл Ф.Денда Совет әскерінің Польшаға қарсы қылмысын зерттеп, ғылыми еңбек жазған.

Соғысты зерттеген британдық тарихшы Энтони Бивор Қызыл әскердің жауыздығы жайлы еңбектер жазған. Оның кей еңбектерін Ресей мен Украинада таратуға тыйым салынған. Берлиннің құлауы туралы еңбекте Бивор Қызыл әскер жауынгерлерінің 8 жастағы қызбаладан бастап 80 жастағы неміс әйелдеріне дейін зорлағанын жазған. Бұрын СССР қорғаныс министрлігінің қызметкерлері болған тарихшылар Махмут Гареев пен Ржашевксий Бивордың бұл еңбегін сынап, "бұл дерекке емес, адамдардың сұхбатына құрылған, ал бұл ғылыми зерттеуге негіз бола алмайды" деп кескен. Бұл сынға жауап берген Бивор бұл мәліметтерді Ресейдің дерек көздерінен, Украинадағы бірінші фронт саяси басқармасының басшысы Цыганковтың есебінен алғанын айтқан.

1940 жылы Катында 22 мың поляк офицері мен интеллигенция өкілдерін жаппай өлтіру НКВД мен Сталин режимінің қылмысы екенін В.Путиннің өзі мойындаған. Советтердің Эстонияның 300 мың халқын азаптап депортациялауы да тарихи дерек.

Шығыс Германияны Совет әскері басып алып, немістердің әскери қылмыскерлері мен бейкүнә адамдарды арнайы  лагерълерге қамады.  Лагерьлердегі 176 мың адамның үштен бірі азаптау мен аурудан өлді. Тарихшылар нацистік режимнің лагерьлері мен совет әскерінің лагерьлерінде адамдар бірдей азапталды дейді.

2020 жылы қыркүйекте Еуропарламент "Еуропаның болашағы үшін тарихи зердені сақтау маңызы туралы" қарар қабылдаған. Бұл қарарда нацизм қылмысы Нюрнбюрг трибуналында қаралғаны келтіріледі, бірақ сонымен қатар сталинизм қылмысы толық зерттеліп, оған құқықтық, тарихи баға берілуі керектігі айтылады.

Путиннің соғыстағы Совет Одағы мен нацистік Германия рөлдерін теңестіруге және Совет халқының  нацистік Германияны талқандауда шешуші рөл ойнағанын жоққа шығаруға тыйым салатын заңды қабылдау туралы бастама көтергені сондықтан деген пікірлер айтылып жүр.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Путинмен екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын талқылады

09.04.2024

Путинге тіл тигізген павлодарлық блогер қамауға алынды

28.03.2024

Мәскеудегі теракттан 93 адам қаза тапты

23.03.2024

Алматыдағы сайлау учаскесінде Путинге 8 пайыз ғана дауыс берілген

18.03.2024

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

15.03.2024

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

09.11.2023
MalimBlocks
Тоқаев Путинмен екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын талқылады

Тараптар екі елдің қарым-қатынастары дәстүрлі түрде әрі стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Путинге тіл тигізген павлодарлық блогер қамауға алынды

Тікелей эфирде Владимир Путинге боғауыз айтқан павлодарлық 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәскеудегі теракттан 93 адам қаза тапты

Түрлі жарақатпен 115 адам ауруханаға жеткізілген

Алматыдағы сайлау учаскесінде Путинге 8 пайыз ғана дауыс берілген

Бұл - Орталық Азиядағы ең төмен көрсеткіш әрі әлемдегі ең төмен нәтижелердің бірі.

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Қазіргі уақытта тек екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен 1, 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар тегін жүреді.

Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Бүгін Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды.