Тұрғын үй салу ауылда да қарқын алмақ  

  • 14.04.2021

Ауылды жердегі қызметкерлер тұрғын үй саламын десе, мемлекет құрылысқа кететін шығынның 50 пайызын төлеп бермек. Субцидия арқылы. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев осындай жаңалығымен бөлісті.

Жалпы, вице-министрдлің айтуынша, пандемияға қарамастан өткен жылмен салыстырғанда биыл тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 33,8 пайызға өскен. Яғни, құрылыс алаңында дағдарыс жоқ. Керісінше серпіліс бар. Бұл серпіліске зейнетақы қорындағы қаржыға тұрғын үй алу мүмкіндігін беру себеп болғар. «Отбасы» банкінің құрылымдарын жаңартып, жаңа бағыт ұстануы да әсер еткен. Және тұрғын үй құрылыс саласына мемлекеттік қолдаудың молынан келуі де оң ықпалын тигізген.

Мәселен, бірінші вице-министрдің айтуынша, тұрғын үй құрылысын ынталандыру және құнын арзандату мақсатында мемлекет тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды, оның ішінде азаматтарға жеке құрылыс салу үшін бөлінетін жер учаскелерін инженерлік желілермен жабдықтай бастаған. Алдағы бес жылда 235 мың жер учаскесіне қажетті инфрақұрылым жүргізілмек екен. Бұл жер телімдерінің 125 мыңы облыс орталықтарында, шағын қалаларда болса, 110 мыңы ауылдық жерлерде болмақ. Осыншама жерге инфрақұрылым жүргізіп біту үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 130 млрд теңге бөлінбек. Инфрақұрылымы жүріп дайын тұрған облыс немесе шағын қалаларда тұрғын үй салып алу оңай делік. Ал ауылды жерде жағдайы жасалатын 110 мың учаскіге үйді кім салмақ?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бұл мәселенің шешу жолын президенттің тапсырмасына сәйкес реттеп қойыпты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс беруші шығындарының 50 пайызын субсидиялауды көздейді. Ауылдағы жұмыс берушілер қандай мамандар керек екенін анықтап, оларға өз тарапынан үй салуға ниет білдіріп, жергілікті әкімдікке тізімді ұсынуларына болады. Өз кезегінде әкімдік оны министрлікке жолдайды. Ведомство жобаларды тексеріп, рұқсатын береді. Жұмыс беруші ауылдағы азаматтар үй салғаннан кейін біз оның 50 пайызын мемлекет тарапынан субсидиялап қайтарамыз», - деді  Қ.Өскенбаев.  

 

Байланысты жаналықтар

Казахстанцам разрешат находиться в Узбекистане без регистрации подольше

28.03.2024

Қазақстанда жылқы еті қымбаттады

12.03.2024

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

12.03.2024

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

07.03.2024

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

07.03.2024

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді

07.03.2024
MalimBlocks
Казахстанцам разрешат находиться в Узбекистане без регистрации подольше

Казахстан и Узбекистан увеличивают сроки пребывания своих граждан на территории своих государств без регистрации с 5 до 30 дней. При этом временная регистрация не понадобится. Соответствующее соглашение с Узбекистаном ратифицировали депутаты сената в четверг, 28 марта.

Қазақстанда жылқы еті қымбаттады

Қазы бағасы 4,8%, жая 2,5%-ға өскен.

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

Бұ ең төменгі жалақы мөлшерімен (85 мың) есептелген.

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді