Cоғыстан қайтқан сормаңдай тағдырлар

Айбек Ережеп

  • 09.05.2021

 Жеңісдеген сөздің артында қасіретке малтыққан, қайғыға тұншыққан ғұмырлар тұрғанын білсек қой…

Жеңісдеген сөзің артында күл-талқан болған тағдырлар мен қанаты қиылған армандар, ешқашан тұтанбайтын үміттер тұрғанын ойлансақ қой…

Жеңіс–деген сөздің артында көкірегі шерден арылмаған, жанары жастан кеппеген жандар тұрғанын ұғынсақ қой…

Соғыс сойқан. Ол ешкімді аямайды. Ешкімге мейірімділік танытпайды, өйткені, оның жүрегі жоқ. Олкөлкіген көз жасың мен жалындаған жастығыңа қарамайды, оның көзі жоқ. Олжалынған сөзіңмен, аңыраған даусыңды естімейді, оның құлағы керең.

Соғыстірілер санын азайтып, өлілер санын көбейтеді. Қуанышты азайтып, қайғыны көбейтеді. Отбасыны ойрандайды,  жетім мен жесірлерді көбейтеді.

Соғыс тәнді жаннан айырады, әкені баладан, баланы анадан айырады. Арудыжарынан, ердіжерінен айырады.

Соғыста жеңіс пен жеңіліс сөзі ғана бар. Бірақ, айырма жоқ. Өйткені жеңу үшін кісі өлтіру де үлкен қасірет. Жеңген жақ қайғысыз болады деп кім айтты? Мына деректерге қараңызшы, жаныңыз түршігіп, денеңіз тітіркенеді.

Екінші дүниежүзілік соғыста 46 миллион адам жарақат алыпты,  яғни мүгедек болып оралған.

 

775  адам бас сүйегі жарақаттанған;

155  адам – көз жарақатын алған;

54  адам – соқыр болып қалған ;

501 342  адамның бет-әлпеті жарақаттанған ;

157 565  адам – мойынан жарақаттанған;

444 046   адамның іші;

 

143 271  адамның – омыртқасы;

630 259  адамның- жамбасы;

28,648 адамның – жыныс мүшелері;

3 миллион 147 мың адам – бір қолмен оралған;

1 миллион 101 мың – адамның құлағы мүлде естімей, керең болып қайтқан;

 

3 миллион 255 мың адам – бір аяқпен;

1 миллион 121 мың адам – екі аяғынан бірдей айырылған;

418 905 мың адамбір қолы мен бір аяғы немесе қол- аяқтары жартылай жарақат алған;

84,942 мың адам- мүлде аяқ-қолсыз қалған;

 Осы адамдардың 90 пайызы 20-30 арасындағы жастар еді. Ал, бұларға деген ол кездегі биліктің көзқарасы құрметтен көрі, жекөрінішке толы болғандай. Соғыс бойы штаптан шықпаған басшылар, маршалдар мұндай мүгедектерді көргісі келмегенін және өзге жұртқа көрсеткісі келмегенін тарихшылар айтып жүр.

 1949 жылы Сталинның 70 жас мерейтойының қарсаңында мүгедектердің біразын атып, біразын Сібірге лагерлар салып, сонда апарып тастады. Мүгедектерді Валлам аралына қоныстандыру 1984-ші жылға дейін жалғасты. Жалғыз себеп, олардың тәндеріне соғыс салған суреттер еді. Жеңіс деп желпінген  Совет одағының басшылары соғыстың шынайы бейнесін өздері көргісі келмеді, өзгелердің де көңілін түсіреді деп тәмсілдеді. Ал, өксіген өмірлер мен талқандалған тағдырлардың жеңіске қосқан үлесі ешкімнің басын ауыртқан жоқ.

Айпақшы, «Ұлы Жеңістің» әкесі Сталиннің өзі көзі тірісінде бұл мерекені атап өтпеген. Өйткені, соғысты көріп келген замандастарының сұрауынан қорықты. Солардың ызғарлы да, айбынды жүзінен қорықты. Өйткені соғыс кезіндегі Сталиннің қылмысы көп еді. Ал Совет одағында 9 мамыр–Жеңіс күні 1965 жылдан бері ғана (1945-1947 жыл аралығын есептемегенде) Л.Брежневтің заманынан кең көлемді, демалыс күні ретінде атап өтіліп келеді. Бұл кезде соғыстың ортасынан аман келген ардагерлер саны азайған еді. Екіншіден, Л.Брежнев даурықпа салтанатты шаралар мен марапатты жақсы көретін. Ол бұл күнді пропагандаға айналдырып, жеке басын ұлықтатуға, советтік идеологиямен аш халықты алдауға пайдаланды.  

Айбек Ережеп.

Суретші Геннадий Добровтың  "Соғыс автографтары" картинкалары мен мүгедектердің тарихын сілтемеге өтіп оқи аласыз

https://www.spletnik.ru/blogs/govoryat_chto/142803_khudozhnik-gennadiy-dobrov-i-ego-avtografy-voyny

    

Байланысты жаналықтар

Мемлекет сепаратизмнің шеруіне шектеу қоя ала ма?

09.05.2022

Әлімжанов депутаттың сынына жауап берді

11.05.2021

«Мәңгі өлмес полк» – репрессияның символы

06.05.2020
MalimBlocks
Мемлекет сепаратизмнің шеруіне шектеу қоя ала ма?

Бүгін Алматы қаласында соғыс құрбандарын еске алу үшін Панфилов паркіне 2 мыңға жуық адам жиналған. Араларында Сталиннің портретін көтерген адамдар да жүр.

Әлімжанов депутаттың сынына жауап берді

«Мәңгі өлмес полк» – репрессияның символы