ДСМ ескертеді: қаза тапқандар саны статистикадан асып кеткен жоқ

Қазақстанда КВИ-ден 81 696 адам қайтыс болды деген дерек келтірген еді.

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 09.05.2021

Денаулық сақтау министрлігі Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының деректеріне қатысты түсініктемесін жариялады.

Бұған дейін Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институты (ihme, АҚШ) «COVID-19 жалпы өлім-жітімін бағалау» атты зерттеуін жариялап, онда Қазақстанда КВИ-ден 81 696 адам қайтыс болды деген дерек келтірген еді.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің статистика бюросының деректеріне сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны 4 729 адам болған. 2021 жылдың 4 айында КВИ-дан қайтыс болғандар саны 1 846 адамға жеткен.

Осылайша, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда КВИ-ден 81 696 адам емес, 6 575 адам қайтыс болған.

Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының көрсеткіштерінің дұрыс еместігі айқындалды (ihme, АҚШ).

Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2020 жылы қайтыс болғандардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 21,8 пайызға немесе 29 124 адамға артып, 133 489 адамға қарағанда 162 613 адам болған.

Осылайша, артық өлім-жітім 29 124 адам болды, бұл шетелдік институттың мәлімделген көрсеткіштерін де жоққа шығарады.

Денсаулық сақтау министрлігінің анықтамасы. КВИ – 4 729 адам немесе 16,2 пайызды қоспағанда, адамдар басқа да аурудан қайтыс болып жатты:
қан айналымы жүйесінің аурулары, тыныс алу органдарының аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, жұқпалы және паразиттік аурулар.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде  «COVID-19-дан жалпы өлімді бағалау» денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) жүргізген зерттеулеріне сәйкес жарияланған статистикалық деректер Қазақстан Республикасында тіркелген нақты деректерге сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады