«Туристік Шымкент» квестінің үздіктері анықталды

  • 29.04.2021

Шымкенттің жастардың патриоттық сезімін ояту, мәдени-тарихи мұраны зерттеуге тарту, ішкі туризмді дамыту және туған жерге саяхатты насихаттау, экскурсия жүргізуші дағдыларын меңгерген жастарды анықтап, үлге ету мақсатында «Туристік Шымкент» квесті атты онлайн жарыс өтті. Жарысқа негізінен М. Әуезов атындағы ОҚУ студенттік құрама командалары қатысты.

 «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен «ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты рухани жаңғыру апталық форумы шеңберінде өткен бұл жарыста сайыскерлерге қаланың тарихи-мәдени және архитектуралық мұрасын және қазіргі мүмкіндіктерін зерттеу талабы қойылды.

Бір айта кетерлігі бұл жарыс әрі қарай жалғасын таба бермек. Мысалы, жеңімпаз топ қаладағы киелі орындар мен тарихи ескерткіштерді аралап, жергілікті тарихшылармен сұхбаттаспақ. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Туризм басқармасы басшысы Олжас Шынтаевтың ұсынысымен «Shymkent tourism center» туристік-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қаладағы барлық мекеме қызметкерлері мен студент-жастар онлайн диктант жазуы да жоспарға алынған.

 

Байланысты жаналықтар

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

07.04.2024

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

05.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024
MalimBlocks
Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.

«Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы мәресіне жетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Мәскеуде Кемел Тоқаевтың өмірі жайлы кітап шықты

Ол – қазақ тілінде алғаш детектив жанрында қалам тербеген санаулы жазушының бірі.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.