ShymQala этноауылы ашылды

  • 01.05.2021

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Шымкентте «ShymQala» этноауылы ашылды. Бұл кешен турист тартып, қала тұрғындары мен қонақтарына демалыс алаңына айналмақ. Кешенге бұрынғы заманның қорғанына кіргендей оңтүстік және шығыс қақпалары арқылы кіреді. Этноауылдың қос қақпасы қала тұрғындары, қонақтары үшін ерте көктемнен күзге дейін, дүйсенбі мен жексенбі аралығында әрдайым ашық болмақ.

Әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрдің орталығына айналады деген бұл кешеннің ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов пен орынбасарлары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар ең алдымен Тәуелсіздік саябағында Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне 70 көшет отырғызды.

Этноауылдың алғашқы қонақтары садақ ату алаңшасында жебе атып, туристік орталықтың жұмысымен танысты.

- Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Қазақстан әлемде баламасы жоқ Ассамблея құрып, дүниежүзіне үлгі болып отыр. Ал бүгінгі ашылған «ShymQala» этноауылы үшінші мегаполистің үлкен жаңалығы болып отыр. Қаламызға келген қонақтарды ең алдымен осында алып келу керек. Бұл кешен Шымкенттің туризм әлеуетін жаңа белеске көтереді деп сенеміз, - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

27.03.2024

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

27.03.2024

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

26.03.2024

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

25.03.2024

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

24.03.2024

Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына шықты

23.03.2024
MalimBlocks
Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Қазақ спортшылары олимпиадаға жолдаманы Тблисиде өткен әлем кубогінде жеңіп алды.

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

Халықаралық жарыс Литваның Кунас қаласында өткен. Турнир боксшы әрі тренер Альгирдас Шоцикас құрметіне ұйымдастырылған.

Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына шықты